Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ-нің студенттері!

Құрметті ҚММУ-нің студенттері!

14 Наурыз 2018

Жоғары білім беру комиссиясы (OHEC), Чулалонгкорн университеті (CU), Монгкута Тхонбури патшасы атындағы  технологиялық университеті (KMUTT)  және Бангок университеті (BU) ұйымдастырған UMAP 2018 Жазғы мектебінің (Таиландағы UMAP 2018 жазғы мектебінің) іске қосылуын жариялауға қуаныштымыз.


Жалпы ақпарат:

1. Бағдарлама мерзімі: 2018 жылдың 22 шілдесінен 4 тамызына дейін

2. Орналасқан жері:

Чулалонгкорн университеті (CU),

Монгкута Тхонбури патшасы атындағы  технологиялық университет (KMUTT)  

Бангок университет (BU)


3. Шарттары: Тұру, жер үсті көлігімен ішкі тасымалдау және дәрістер қабылдаушы ел тарапынан. Студенттің қаражат есебінен әуежай билеті, виза және медициналық сақтандыру.

4. Негізгі талаптар:

 - Студент 18-23 жас аралығы болуы керек, 2018 жылғы 1 сәуірінен бастап (жақсырақ)

 - Ағылшын тілін жақсы білу керек

сертификаттар: IELTS: жалпы бал 5.0 / TOEFL: жалпы балл 500 iBT / 173 CBT / 61 PBT / TOEIC:

- 250 сөзден тұратын  мақсат туралы мәлімдемені, сонымен қатар университеттен алған куәлікті ұсыну керек.

- UMAP 2018-нің ашылуы кезінде жазғы мектептің барлық лекциялары мен іс-шараларына белсенді қатысуы керек.

 - Саяхатқа, жаяу және велосипедпен айналысу сияқты іс-шараларға қатысу мүмкіндігі үшін  физикалық дайындық болуы керек.

 - Тайланд Сыртқы істер министрлігінің талаптарына сәйкес Тайландқа келуге рұқсатнама алу (http://www.mfa.co.uk/t/ main / en / services / 4908).

 - Таиландта болған кезде жеке шығындарыңызға қаражат  болуы керек. Медициналық сақтандыру.

5. Өтініштерді қайда беруге болады:

 - Студент өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды келесі сілтеме бойынша жіберу  керек:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScQD5lixvThKe6FB4-PpINuq3A8O8gc4UGrnVs2qOCYiwkzeQ/viewform


- Электрондық пошта арқылы қажетті құжаттарды (umap2018@bu.ac.th) жіберіңіз.

 - Қажетті құжаттар:  

 * төлқұжат көшірмесі,  

*250 сөзден тұратын қатысу туралы мәлімдеме,  

* Ағылшын тілін білу (сертификат),  

* университеттен алынған куәлік.

 6. Өтініш берудің соңғы мерзімі:  2018 жылғы 25 сәуір

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне Еримбетова Ботагөз Сапаровнаға хабарласыңыз (Гоголь көш, 40, 331А каб).


0
3753

пікірлер

пікір қалдыру үшін.