Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті студенттері

Құрметті студенттері

01 Наурыз 2018

«Келісу көпірі» қоғамдық қорының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынғанРеспубликалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының І-ші шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

  Келесі бағыттар бойынша студенттерден құжаттар қабылданды:

-  Ғылым саласында

-  Өнер саласында

-  Спорт саласында

-  Қабілеті жоғары студенттік ұйымдардың төрағалары мен белсенділерінен

жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

  Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

  Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент 2018» төс белгісі және Құрмет грамотасы беріледі.

  Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3 жақта жазылған), 2 беттен артық емес өмірбаяны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 4*5 форматтағы  сапалы суретін 2018 жылдың 31-ші наурызына дейін uzdik2018@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота жіберілетін болады).

Жіберілетін мәліметтерге университетте оқу барысында алынған алғыс хат, мақтау қағазы, диплом және т.б. мараппаттары енгізіледі (9-11 сынып арасында алған марапаттарын да қосуға рұқсат етілген).

Кітап тұсаукесері 2018 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Тұсаукесерге ”Жас қыран” кітабына енген студенттер шақырылады. Конференцияның қорытынды бағдарламасы 10-шы сәуірге дейін іріктеліп алынған студенттерге жіберіледі.

Ескерту!!!

Ұйымдастырудың жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып, жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі. 

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

+77712478227 Нұркен

+77754369942 Елнұр


0
4256

пікірлер

пікір қалдыру үшін.