Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ-нің студенттері!

Құрметті ҚММУ-нің студенттері!

22 Ақпан 2018

Пуатье Университетінде (Франция) Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін байқау жарияланады

Байқауға магистратура, докторантура және резидентура (бітіруші курстардан басқа) студенттері қатыса алады.

Оқу кезеңі: 2018 жылдың қыркүйек – 2019 жылдың қаңтар айлары.

Үміткерлерге талаптар:

·  GPA 2, 95 төмен емес;

·  академиялық қарыздың болмауы;

·  тәртіптік шаралардың болмауы;

·  ҚММУ этикалық кодексінің бұзылмауы;

·  5.0 және одан жоғары IELTS сертификатының болуы;

·  француз тілінің базалық білім деңгейінің болуы (А1);

·  қолданыстағы паспорттың болуы.

Шарттары: визалық шығындар, медициналық сақтандыру, тұратын орны мен ұшу шығындары ERASMUS+ бағдарламасы тарапынан төленеді, сонымен қатар іріктеуден өткен үміткерлерге ай сайынғы шәкіртақы төленеді (шәкіртақы көлемі оқу деңгейіне байланысты болады).

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 09 сәуірі сағат 18-00 дейін.

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне Успанова Марьяна Валерьевнаға хабарласыңыз (Гоголь көш, 40, 331А каб).


0
3886

пікірлер

пікір қалдыру үшін.