Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУоқытушылары, қызметкерлері және студенттері!

Құрметті ҚММУоқытушылары, қызметкерлері және студенттері!

13 Ақпан 2018

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2018 жылдың 19 ақпанында сағат 14.00-де Erasmus + бағдарламасыныңҚазақстандағы Ұлттық кеңсесі «Горизонт-2020» бағдарламасы аясында «Ғылыми зерттеушілердің қызметін дамыту мақсатындағы Мария Склодовская-Кюри стипендиялары» тақырыбында вебинар өткізетінін хабарлайды.

Мақсаты:

- Қатысушыларды бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру;

- Өтінім беру үрдісі, іріктеу шарттары туралы айтып беру;

- Байқауда қатысу туралы тәжірибеліккеңестер беру.

Спикерлер:

- Шайзада Өмірзақовна Тасбулатова, Erasmus + бағдарламасыныңҚазақстандағы Ұлттық кеңсесі;

- Камила Түсіпханқызы Мағзиева, Horizon 2020 NCP-KZ Ұлттық үйлестірушісі, Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша Тәуелсіз Сарапшылық-консультациялық кеңестің директоры(Inexcb-kz).

Вебинардың форматы– біржақты бейнеағынды, қатысушылар сұрақтарды чатта қоя алады. Қатысушыларға бейнекамера және микрофон қажет емес.

Вебинарға қатысқысы келгендер мына сілтеме бойынша тіркелуі қажет: <https://goo.gl/ayQ32b.

Тіркеуден өткен соң, вебинар басталардың алдында сіздің электрондық поштаңызға вебинар бөлмесіне сілтеме жіберіледі.

Сондай-ақ, вебинарға қатысқысы келетіндер 19 ақпан күні сағат 14.00-де Welcome Center-ге (327-аудитория) келуі мүмкін.

Вебинардың жазылуы http://erasmusplus.kz/index.php/en/erasmus-ru/webinars  сайтында жарияланады.


0
4200

пікірлер

пікір қалдыру үшін.