Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ студенттері!

Құрметті ҚММУ студенттері!

09 Ақпан 2018

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі «Мевлана» халықаралық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ататүрік Университетінде (Түркия) 2018-2019 оқу жылында оқуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқауда «Жалпы медицина» мамандығының студенттері, сонымен қатар «Медицина» мамандығының магистранттары мен докторанттары қатыса алады.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 2018 жылдың 26 ақпаны.

Өтініштер онлайн түрде келесі сілтеме арқылды қабылданады: oia.atauni.edu.tr/application/student.

Талаптар:

- Конкурста ассоциат, бакалавр, магистр және доктор дәрежелерін алуға оқып жатқан студенттер қатыса алады;

- Ассоциат және бакалаврлар үшін GPA балы 2,95 төмен болмауы шарт;

- Магистрлар мен докторанттар үшін GPA балы 3,00/4,00 төмен болмауы шарт;

- таңдаудың 50% үлгерімділіктің орташа балына (GPA), қалған 50% тіл біліміне негізделеді;

Дайындық бағдарламаларында немесе бакалавриаттың бірінші курсында оқитын, сонымен қатар магистратура мен докторантураның ғылыми дайындық бағдарламалары бойынша оқитын студенттер оқудың бірінші семестрінде бағдарламаға қатыса алмайды.

Қосымша ақпараттар үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне жүгінулеріңізді сұраймыз (Гоголь көш., 40, 331а кабинет).


0
4138

пікірлер

пікір қалдыру үшін.