Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті «Педиатрия» мамандығының 6-курс студенттері!

Құрметті «Педиатрия» мамандығының 6-курс студенттері!

23 Қаңтар 2018

Малайзиядағы Халықаралық медицина университетінде оқуға байқау жарияланады (Малайзия, Куала Лумпур).

Орындар саны:2.

Кезең: 2018 жылдың наурыз айы (визуалдық диагностика)

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

∙  GPA деңгейі 2,95 кем емес;

∙  академиялық қарыздардың болмауы;

∙  тәртіптік жазалардың болмауы;

∙  ҚММУ этикалық кодексінің бұзыл мауы;

∙  жарамды медициналық кітапшаның болуы.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

 - мұғалімнен ағылшын тілінде ұсыныс хат 

- жеке оқу жоспарының көшірмесі

 - транскриптің көшірмесі 

- 082 медициналық анықтама

- 4 фото 3х4

Шарттары: жол ақысы және тұратын орны университет тарапынан төленеді.

Қосымша шығындар: Студент 1500 малайзиялық рингитт көлемінде салым төлемін жасау  қажет. Бұл салым Малайзия үкіметінің иммиграциялық тапсырысы бойынша тағайындалған тәртіпті және құқықтарды сақтау үшін Малайзия үкіметі бойынша бекітілген. Сондай-ақ, студент тұратын орнына салым төлемін жасау қажет. Екі салым төлемі оқу аяқталған соң қайтарылады.

 Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2018 жылдың  31 қаңтар сағат 16.00-ден 18-00-ге дейін.

Өтініштер Халықаралық ынтымақтастық  бөлімінде, 331А- кабинетте қабылданады.


0
4230

пікірлер

пікір қалдыру үшін.