Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру!

Хабарландыру!

22 Тамыз 2017

ҚР ДСМ «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Ішкі аудит қызметінің бос орын қызметіне орналасуға конкурс жариялайды;

Қызмет басшысы – 1 б., аудитор – 1 б., клиникалық аудитор – 1 б.

Өтініш беру күні – бос орын қызметінің конкурсына қатысу өтініші хабарландыру жарияланған күннен бастап, отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілуі керек

Құжаттар қабылдау күні мен уақытының аяқталуы – 2017 жылдың 22 қыркүйегі, 18.00 сағатта.

1) Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға, соңынан  еңбек шартын жасасатын қалаушы тұлғалар ЖОО басшысы атына (еркін түрде) өтініш жазады. Өтінішке келесі құжаттар қосымша тіркеледі:

1)  кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы

2) өмірбаяны

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі  жөніндегі дипломдар көшірмесі, ғылыми атағы жөніндегі құжаты және салыстыру үшін оның түпнұсқалары;

4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының көшірмелері (егер бар болса) және салыстыру үшін оның түпнұсқалары;

5) ғылыми жұмыстарының және өнертабысының тізімі (егер бар болса);

6) №907 2010 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі м. а. Бұйрығымен бекітілген №086 үлгісі бойынша медициналық анықтамасы ( №6697 нөмірімен Нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген); 

7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу қомитетімен берілетін, есепке алыну бойынша мәліметінің болуы, не болмауы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы білімі, тәжірибесі, қәсіби деңгейі жөніндегі ақпаратын ұсынуға құқылы (ғылыми басылымдарының тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшысының ұсынымы және т. с. с.).

2) университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға қалаушы тұлғалар жоғары оқу орнының басшысы атына, келесі құжаттарын қосымша тіркеп, өтініш жазады: мінездеме, ғылыми хатшысымен расталған ғылыми жұмыстарының және өнертабысының тізімі, конкурс парағы.

Конкурс бойынша сайланушыларға қойылатын талаптар:

Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына – жоғары кәсіби (қаржылық-экономикалық) білім, аудит не/немесе бухгалтерлік есеп, не/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, басшылық қызметінде жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, Ішкі аудиторлар институтымен (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірленген қаржылық есеп берушілігінің халықаралық стандартарын және ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіби стандарттарын білу, келесі куәліктерінің немесе сертификаттарының болуы: CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудиті саласындағы сертификаты; аудитордың біліктілік куәлігі  немесе  АССА (Association of Certified Chartered Accountants) ант берген бухгалтер сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтерінің сертификаты, немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting дипломы, немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтерінің сертификаты; CISA (Certified information systems auditor) немесе CISM (Certified information security manager) сертификаты, немесе ITIL (Information technology infrastructure library); ITIL (Information technology infrastructure library); немесе соған ұқсас халықаралық болып танылған куәлік, не сертификат, мемлекеттік және шет тілін білуі.

Ішкі аудит қызметінің аудиторы лауазымына – экономика және қаржы, не/немесе бухгалтерлік есеп, не/немесе аудит, не/немесе ақпараттық технологиялар, не/немесе медициналық білім саласында жоғары кәсіби білім, аталған саладағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, Ішкі аудиторлар институтымен (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірленген қаржылық есеп берушілігінің халықаралық стандартарын және ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіби стандарттарын білу, аудит не/немесе қаржылық есеп беру саласында сертификатының немесе біліктілігінің болуы қолайлы; мемлекеттік және шет тілдерін білуі.

Ішкі аудит қызметінің клиникалық аудиторы лауазымына – жоғары медициналық білім, денсаулық сақтау органдарындағы жұмыс тәжірибесі (медициналық қызмет көрсету саласында бақылауды жүзеге асыратын, денсаулық сақтаудың мемлекеттік органдарында) не/немесе жоғары медициналық оқу орнында немесе республикалық медициналық ұйымдарда клиникалық жұмыс тәжірибесі – бес жылдан кем емес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде денсаулық сақтау саласында, маман сертификатының болуы, клиникалық маманы бойынша медициналық ғылымдардың кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы, екінші заңгерлік немесе экономикалық білімінің бар болуы, тәуелсіз сарапшының аккредиттеуі туралы куәлігінің болуы немесе медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласында біліктілігінің бар болуы.  

Анықтама алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыздар:

Қарағанды қ., Гоголь к. 40, кадрлар бөлімі: 8 (7212) 50-39-30 (1303, 1236)


0
8316

пікірлер

пікір қалдыру үшін.