Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
ЭКСПО-2017 билеттік бағдарламасы туралы ақпарат

ЭКСПО-2017 билеттік бағдарламасы туралы ақпарат

05 Сәуір 2017

10 маусымнан бүкіл әлемде Көрмеге билеттерді сату бойынша ресми сайттың жұмысы – tickets.expo2017astana.com, сондай-ақ, билеттерді сатып алушыларды қолдау бойынша сall-центр нөмірі +7 717 272 71 09 іске қосылды.

  Билеттердің келесі түрлері сатуға қойылды – жұмыс күндері немесе демалыс күндеріне күні белгіленген билет, жұмыс күндері немесе демалыс күндеріне күні белгіленбеген билет.

Көрмеге билеттерді Т.А.Ә. көрсетпей сатып алуға болады.

Көрмеге сатылатын билеттер атаусыз.

Билеттік бланктегі билет жоғалған/ұрланған жағдайда орны толтырылмайды.

Бір уақытта жеке тұлғаның «бір қолға» алуына болатын ең көп билет саны - 50 дана.

Билетпен Көрмеге тек бір рет кіруге болады.

Билеттердің құны:

Күні белгіленген билет:

Жұмыс күні– 4000 тг.

Демалыс күні – 6000 тг.

Күні белгіленбеген билет:

Жұмыс күні – 6000 тг.

Демалыс күні  – 8000 тг.

Жеңілдікті билеттерді алуға құқылы тұлғалар санаты

Билеттің құны

ҰОС қатысушылары мен мүгедектері

тегін

Жеңілдіктер мен кепілдемелер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектерімен теңестірілген тұлғалар.

тегін

Барлық топтардың мүгедектері

тегін

Жетім балалар

тегін

6 жасқа дейінгі балалар (қоса алғанда)

тегін

Мектеп оқушылары

Билет құнының 50%

Студенттер

Билет құнының 50%

Зейнеткерлер

Билет құнының 50%

Көп балалы ата-аналар

Билет құнының 50%

Кәмелетке толмаған 4 және одан да көп бірге тұратын балалары бар көп балалы отбасылар

Билет құнының 50%

Шетел азаматтарына жеңілдік қарастырылмаған. 6 жасқа дейінгі балалар бұл қатарға кірмейді. Оларға кіру тегін. 


0
6025

пікірлер

пікір қалдыру үшін.