Құрметті түлектер!
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі «ҚММУ мамандығы бойынша үздік түлегі» атағын тағайындау үшін келесі номинациялар бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:
- «ҚММУ үздік хирург түлегі»
- «ҚММУ үздік терапевт түлегі»
- «ҚММУ үздік жалпы тәжірибе дәрігері түлегі»
- «ҚММУ үздік акушер-гинеколог түлегі»
- «ҚММУ үздік педиатр түлегі»
- «ҚММУ үздік стоматолог түлегі»
- «ҚММУ үздік фармацевт түлегі»
- «ҚММУ медициналық-профилактикалық істің үздік түлегі»
- «ҚММУ қоғамдық денсаулық сақтаудың үздік түлегі»
- «ҚММУ мейіргер ісінің үздік түлегі»
Құжаттар ағымдағы 2017 жылдың 1 сәуірінен 25 сәуірінедейін қабылданады. (205-каб.)
Конкурс 4 кезеңде өткізіледі:
№ |
Атауы |
Өткізу күні мен уақыты |
Өткізу орны |
1. |
Тестілеу |
26.04.2017 10:00 – 14:00 |
119-аудитория, Гоголь көшесі, 40 |
2. |
Портфолионы бағалау (комиссия отырысы) |
26.04.2017 14:00 – 18:00 |
Ректорат залы (225-аудитория), Гоголь көшесі, 40 |
3. |
Клиникалық құзыреттіліктерін бағалау (ОҚКЕ) |
27.04.2017 10:00 – 18:00 |
Практикалық дағдылар орталығы, Алалыкин көшесі, 7 |
4. |
Ғылыми жобаны таныстыру |
28.04.2017 14:00 – 18:00 |
Ғылыми кеңесзалы (227-аудитория), Гоголь көшесі, 40 |
«ҚММУ мамандығы бойынша үздік түлегі» атағын тағайындау конкурсы туралы ереже
Клиникалық жұмыс және түлектерді
жұмысқа орналастыру бөлімі