Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бітіруші студенттері!

Құрметті Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бітіруші студенттері!

25 Қаңтар 2017

Қытай медицинасының Пекин университеті (ҚМПУ) студенттерді магистратурада білім алуға шақырады!

Университет студенттерді тек қытай медицинасы магистратурасы бағдарламасы бойынша оқуға шақырады.

Магистрлік бағдарлама төмендегілерді құрайды:

1. Оқу кезеңі -  2 жыл;

2. Бағдарлама дәрістер, клиникалық дайындықтан, тезистерді жазудан құралады;

3. Оқу тілі – ағылшын тілі;

4. Оқу ақысы қабылдаушы университет тарапынан төленеді ( бұған стипендия, әкімшілік шығындар кіреді).

Оқуға түсу талаптары:

1. Өтініш беруші ҚХР азаматы(-шасы) болмауы керек;

2. Кандидат некеде болмауы керек;

3. Жасы 35-ке дейін;

4. Кандидатта клиникалық медицина саласында (қытай немесе батыс медицинасының) бакалавр дәрежесі болуы керек; Оқуын аяқтамаған студенттер, оқуды аяқтаған соң алатын дәрежесі көрсетілген анықтама өткізуіне болады.

5. Студенттің қытай медицинасына деген қызығушылығы болуы керек және биомедициналық ғылым немесе қытай медицинасы саласында жақсы білімі болуы керек;

6. Жоғары академиялық оқу үлгерімі болуы керек;

7. Ағылшын тілін жетік білуі керек (IELTS сертификаты бойынша кемінде 5.5 балл немесе ағылшын тілін білетіні туралы басқа да сертификаттар болуы керек).

Өтініш қабылдау уақыты 2017 жылдың 1-наурызына дейін

Қажетті құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөліміне, 331-кабинетке Еримбетова Ботагөз Сапарқызына жолығуларыңызды сұраймыз.


0
6763

пікірлер

пікір қалдыру үшін.