Құрметті «Жалпы Медицина» факультетінің 5-курс студенттері!
28 Желтоқсан 2016
Сум мемлекеттік университетінде студенттердің тәжірибеден өтуіне конкурс жарияланады.
Орын саны: 5.
19.11.2008 жылғы №613 бұйрық бойынша конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:
- Өтініш
- 082 медициналық анықтама
- ұсыныс хат
- жеке оқу жоспары және транскрипт (көшірмесі )
- ата-анадан қолхат
Кезең: 2017 жылғы 19 қаңтар - 22 ақпан айлары аралығында
Үміткерлерге қойылатын талаптар: GPA 2,95 кем емес. Тәртіп бұзушылықтың болмауы.
Шарттары: орналастыру қабылдаушы тарап есебінен, жол ақысы студенттер тарапынан төленеді.
Өтініш беру мерзімі: 8 қаңтарға дейін
Қажетті ақпаратты 331 - кабинетте бөлім маманы Еримбетова Ботагоз Сапаровнадан 09.00 -ден 18.00-ге дейін сұрай аласыздар.
0
7123
пікірлер
пікір қалдыру үшін.