Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру!

Хабарландыру!

01 Маусым 2016

Академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің студенттерін Жазғы тілдік мектебін өту үшін шақырады.

Мектеп ағылшын, француз және неміс тілдерінің тілдік курстарын шапшаң түрде өтуге шақырады. Тыңдаушыларға жетекші оқытушылар мен шетелден шақыртылған профессорлардың сабақтарын тыңдау ұсынылады.

Жазғы тілдік мектептің тыңдаушылары ыңғайлы жатақханадағы орындармен, кітапханаға қолжетімділікпен, Интернет-ресурспен, спорт кешенімен қамтамасыз етіледі.

Оқыту кезінде «Тұлпар» (Зеренді) спорттық-сауықтыру кешенінде ойын-сауық шаралары және Бурабай курорттық аумағына туристтік экскурсиялық барып келулер қарастырылған.

Жазғы тілдік мектепте қатысу – Қазақстанның керемет көркем жерінде демалыс пен оқуды қатар алып, уақыт өткізу мүмкіндігі!

Бағдарлама ұзақтығы – 2016 жылдың 20 маусымынан бастап 26 маусым аралығында (бір апта, 30 сағат).

Оқыту бағдараламасының бағасы 12000 теңгені құрайды. Жолақысы, тұру ақысы және тамақтану қатысушылар немесе бағыттау тарапынан төленеді.

Өтініш берудің ең соңғы күні – 13 маусым.

Курстар аяқталған соң, тілдік сертификаттар берілетін болады.

Хатқа Жазғы тілдік мектептің Пәндерінің тізімін жолдаймыз. 

Сіздің ЖООңыздың білім алушыларының арасында осы ақпаратты таратуда көмек көрсетсеңіз, үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жазғы тілдік мектеп бойынша ақпарат Ш.Уәлиханов атындағы КМУ сайтында ұсынылады www.kgu.kz

Жазғы тілдік мектептің бағдарламасына қатысу үшін келесі телефон бойынша тіркелуге болады:  8(716) 2  72-11-22  немесе электронды поштасы бойынша өтінім жіберу керек:

academ.poly.dep@gmail.ru


0
8807

пікірлер

пікір қалдыру үшін.