Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Sur Place Халықаралық жазғы курсы

Sur Place Халықаралық жазғы курсы

20 Сәуір 2016

„Оқу мен кәсіптегі неміс тілі"

Тау-Түрген (Қазақстан), 2016 жыл05 маусым - 15 маусым

Техникалық және экономикалық мамандықта оқи отырып неміс тілін меңгергің келеді ме? Германияға деген қызығушылығың неміс тілін меңгеру қажеттілігін тудырады ма?

Олай болса, 2016 жылдың 08 мамырына дейін Неміс академиялық алмасулар қызметінің және Алматы Технологиялық университетінің Халықаралық жазғы мектебіне (ДААД) өтінім жібер.

Мазмұны

Тілдік курс неміс тілін одан әрі меңгергісі келетін ынтасы бар студенттерге АТУ көркем демалыс үйінде жазғы кезде өткізіледі.

Жазғы курс уақытында студенттер жеделдетілген түрде неміс тілін меңгереді және Германиядағы мәдениет, оқу және мамандық түрлері туралы мәліметтер алатын болады. Сонымен қоса, жазғы мектеп уақытында студенттер неміс тілділермен өзара қатынасқа түсіп, кеңейтілген ойын- сауық бағдарламасына тәнті болады.

Қатысу шарттары қандай?

§ негізгі пән ретінде филологиялық пәндер емес, техниканы, экономиканы, саясаттануды және т.б., сонымен қатар неміс тілін меңгересің. А1 немесе максималды А2 деңгейінде неміс тілінде сөйлейсің. Жазғы мектептің жұмыс тілі – неміс тілі

§ Курс соңында сертификат аласың

Жазғы мектеп қанша тұрады?

§ Жазғы мектеп ақысыз

§ ДААД тамақтану, Тау-Түргенге дейінгі трансферді және ойын-сауық бағдарламасын төлейді

§ Сен АТУ демалыс үйінде ақысыз тұрасың

§ Егер сен Алматыдан немесе Қазақстаннан болмасаң,  Алматыға дейін жету үшін ДААД паушалды (белгіленген) сомасын ала аласың

Өтініш

§ Өтінішті сен E-Mail арқылы info@daad.kz мекенжайына жібересің. E-Mail тақырыбы ретінде: „Sommerschule Tau-Turgen" жаз

§ Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 8 мамыры

§ Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған соң сен E-Mail арқылы Алматыдағы  ДААД жауап аласың

Өтініштерді тапсыруға арналған құжаттар

§ Неміс немесе орыс тіліндегі ынталандырушы хат (1 бет),

тақырыбы: „Wie kann mir Deutsch in meinem Beruf/Studienfach helfen?“ /

«Неміс тілі менің оқуымда/кәсібімде қалай көмектесе алады?»

§ Фотосуреті бар кестелі түйіндеме (неміс тілінде)

§ Өзекті сертификатсертификат OnDaF

§ Түйіндемеде қандай шет тілдерін меңгеретініңді және деңгейің қандай екенін көрсет

Ұйым мен байланыстар

DAAD IC Almaty

Тел.: +7 727 293 90 35

E-Mail: info@daad.kz


0
8683

пікірлер

пікір қалдыру үшін.