Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті студенттер, зерттеушілер, оқытушылар!

Құрметті студенттер, зерттеушілер, оқытушылар!

14 Наурыз 2016

Биыл Алматыда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Алматы Tech Garden бірлесе ұйымдастырылған Startup Турының Еуразиялық кезеңі екінші рет өтеді.

 «Сколково» қоры жеңімпаздарды Startup Village – жыл сайын өтетін Ресейдің ірі стартап-конференциясы билеттерімен марапаттайды, ол 2016 жылдың 2-3 маусымында «Сколково» инновациялық орталығында өтеді. Жеңімпаздар қосымша сараптамадан өтпей-ақ Startup Village конкурсына қатысу құқығын алады, сондай-ақ, Алматы Tech Garden жедел даму бағдарламасына қатыса алады.

Стартап Турының Еуразиялық кезеңінің ұйымдастырушысы – РОСНАНО инфрақұрылымдық және білім беру бағдарламалары қоры; ол 1 команданы таңдап, оған өзінің наноорталықтарының біріне nanoWEEKEND-ке шақыру ұсынатын болады. Ал басқа бір команда nanoWEEKEND қорытындысы бойынша наноорталықта бір ай бойы тағылымдамадан өте алады.

Жобаның бас серіктесі –Almaty Management University.

Конкурсқа өтінімдерді ұсыну 2016 жылдың 17 наурызында аяқталатынын ескертеміз. 17 наурыздан кейін өтінімдер қабылданбайды. Турдың білім беру бағдарламасына қатысу үшін тіркеу 30 наурызға дейін ашық.

Тіркеуі: https://startup-tour.ru/mnmx/ru/register/1397625

Толығырақ: https://startup-tour.ru/ru/city/9


0
9366

пікірлер

пікір қалдыру үшін.