Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

09 Наурыз 2016

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті сіздерді 2016 жылдың 12 сәуірінде  өтетін «Ғылым әлемі және жастар: дамудың жаңа жолы»  атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясына  (бұдан әрі- конференция) шақырады.

Конференция мақсаты- медицина және денсаулық сақтау саласының  маңызды сұрақтарын кеңінен талқылау, қоғамды жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен таныстыру.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1.Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина

2. Клиникалық медицина

3. Зертханалық және молекулалық медицина

Конференция барлық курс студенттері, жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, сонымен қатар, 35 жасқа дейінгі ғылыми жетекшілер мен зерттеушілер үшін өткізіледі.

Қатысу формасы: жариялау, ауызша баяндама, Е-постер.

Конференция материалдары бойынша ғылыми еңбектердің жинағы шығады. (Үздік мақалалар ғылыми дессертациялар жетістіктерін жариялайтын  «Медицина және экология» журналында шығатын болады.)

Конференция тілдері: қазақша,орысша, ағылшынша

Конференцияға қатысу үшін міндетті түрде ұйымдастыру комитетінің атына келесі материалдарды жіберу керек (БІР құжаттар пакеті, бірінші автор фамилиясымен аталуы тиіс):

1.  Конференцияға қатысу туралы өтінім (формасы ұсынылады);

2.  Ғылыми жетекшінің рұқсатымен жарияланымның бірінші бетінің сканерден өткен нұсқасы;

3.  Баяндама,тезис (электрондық нұсқада);

4.  Ұйымдастыру жарнасын және/немесе жарияланымға төленген түбіртектің сканерден өткен нұсқасы.

Шет елдік жас ғалымдар мен студенттерге қатысу мен жариялану - тегін.

Конференцияға ұсынылатын тезистер, баяндамалар, Е-постерлерде медицина және денсаулық сақтау саласында маңызды ғылыми зерттеулердің  тәжірибелері, жетістіктері мен нәтижелері болуы керек.

Тезистер мемлекеттік, орыс,ағылшын тілдерінде (электрондық нұсқада) тіркеу формасымен бірге конференцияның ұйымдастыру комитетіне 2016 жылдың 20 наурызына дейін келіп түсуі қажет.

 Жарияланымға қойылатын талаптар.

1.Тезис 1 бетте 30 жолдан аспауы керек, жолдар арасында интервал-бір, шрифті Times New Roman, Kz Times New Roman кегль 12, жоғарғы және төменгі шетінен алшақтық 2 см, сол жағынан 4 см, оңынан 1,5 см болуы керек. Бірінші жолда тезистің ӘОК , екінші жолда ғылыми  жетекші көрсетіле отырып, авторлардың (5 көп емес)* Т.А.Ә. толығымен беріледі. Бір жол төмен - тезис аты (бас әріппен),келесі жолда - мекеме атауы, қала көрсетіледі**. Тезис соңында авторлардың мекенжайы мен телефон нөмірлері қалдырылуы тиіс. Бір автордың 2 тезисі ғана жарияланымға  қабылданады.  Тезис көлемі 3 беттен аспауы керек.

*Авторлардың аты-жөні жұмыс орнымен  индекстеледі-А.В. Витавская1,Н.И. Пономарева2,Г.К. Алтынбаева3.

** Авторлардың жұмыс орындары – Алматы технологиялық университеті1, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы2, Рудный индустриалды институты3.

2.Фотосуреттер,  суреттер және сызбалар компьютерлік нұсқада немесе сканерленген болуы керек. Фотолар контрастты, суреттер анық, суреттерге қол қойылуы міндетті. Микрофотографияларға  қойылған қолтаңбада бояу әдісі мен үлкейтулер міндетті түрде көрсетілуі керек.

3. Кестелердің тақырыптары, нөмірлері және мөрлері болуы керек.

4. Жалпы қолданыстағы қысқартулардан бөлек,  қысқартулар сөздерге,есімдерге,атауларға қолданылмайды. Өлшемдер Ақпараттық жүйе бойынша беріледі. Аббревиатуралар 1-ші мәтіндегідей қалады және өзгертілмейді.

5. Әдебиеттер тізімі алфавит бойынша 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес құрастырылады. Жарияланбаған еңбекке сілтеме жасалмайды.

6. Материалдар  көзсіз көшіру арқылы жинаққа шығады, сондықтан, жұмыстар жоғарыда көрсетілген талаптар орындала отырып, мұқият тексерілген күйде қабылданады.

7.Бұрын жарияланған немесе басқа редакцияларға бағытталған жұмыстарды  конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберуге болмайды.

8. Жарияланым бағасы бір бетке 500 тг құрайды (1 қосымша).

9.Ұйымдастыру жарнасы - 1500 тг (жас ғалымдарға) және 500 тг (студенттер,интерндер). Тіркеу уақытында төленеді. Іссапар шығындары бағыттап отырған жақтан төленеді.

10. 1500 тг көлеміндегі ұйымдастыру жарнасына (12 сәуірде тіркеу күні төленеді) кіретіндер:

-конференция жұмысына қатысу;

-қатысушының сертификаты

Ұйымдастыру  комитеті және редакциялық комиссия конференция мақалалары мен баяндамаларын іріктеуге құқылы.

 

Жинаққа жариялау үшін  материалдар тапсыру және қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

е-Poster-ге қойылатын талаптар:

Постерлер тек электрондық нұсқада конференция бойы көрсетіледі. Постер форматы-V=MS PowerPoint,слайдтар саны 6-8: Баяндама құрылымы: кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижесі мен қорытындылары.

Қатысу  өтінімдерін,электрондық нұсқадағы баяндаманы, мақалаларды,  постерді және ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртек көшірмелерін мына электронды мекенжайға жібере аласыздар:smu-qmu@mail.ru

МАҢЫЗДЫ!!! ҚАТЫСУҒА ДЕГЕН ӨТІНІШ ПЕН ТЕЗИС,  ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ЖАҚТЫҢ СІЗДІҢ ПОШТАҢЫЗҒА ҚАБЫЛДАНДЫ ДЕГЕН ХАТЫН ЖІБЕРГЕНДЕ ҒАНА  РАСТАЛАДЫ.

Конференция өтетін орын:

100000, Қазақстан Республикасы,

Қарағанды қ, Гоголь  көш-сі, 40

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТПЕН БАЙЛАНЫСУ:

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ,Гоголь  көш., 40, 401 каб

ҚММУ Жас ғалымдар  кеңесінің төрағасы

Асет Кайратович Изденов, izdenov@qmu.kz

телефон:  8701- 756-56-17 (WhatsApp)

Ұйымдастыру  комитетінің төрағасы:

Ғылыми жұмыс жөнінде Проректор, м.ғ.д. Анар Акылбековна Турмухамбетова

Орындаушылар:

ҚММУ Жас ғалымдар кеңесінің Төрағасы

Асет Кайратович Изденов,izdenov@qmu.kz

телефон:  8701- 756-56-17 (WhatsApp)

Ғылым және инновациялық қызмет бөлімінің төрағасы х.ғ.қ.

Танзира Токтархановна  Едильбаева,edilbaeva@qmu.kz

ҚММУ Жас ғалымдар  кеңесі төрағасының орынбасары

  Конференция жинағына жауапты хатшымен байланысу ақпараты:

ҚММУ Жас ғалымдар және студенттер Ұйымының Төрағасының орынбасары Вячеслав Литвинов, slav_litvinov@bk.ru 

телефон: +7 775-193-93-17

Электронды мекен - жайы: smu-qmu@mail.ru

1 Қосымша

Конференцияға қатысуға өтінім

Т.А.Ә. (толық)

Мем.тілде_________________________________________________________________

Орыс тілінде_________________________________________________________________

Ағылш. тілінде________________________________________________________________

Ғылыми

дәрежесі,атағы__________________________________________________________

Ұйым,лауазымы________________________________________________________

Телефон ______________________________________факс____________________________

e-mail________________________________________________________________________

пошталық мекенжайы________________________________________________________________

ауызша баяндама                   жарияланым                                   Е-постер

Баяндама аты______________________________________________________

Конференцияда болатын уақыты: келу күні ___________________________________

   Кету күні ____________________________________

Қонақ үйде орын алып қою туралы өтініш  «________________» бастап «_________________» дейін

«_____»______________20___ ж.

   (толтыру күні)


0
11493

пікірлер

пікір қалдыру үшін.