Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

19 Ақпан 2016

«Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Биология», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары үшін академиялық ұтқырлық аясында 2015-2016 оқу жылының көктемгі семестріне пәндерді өтуге төмендегі жоғары оқу орындарына өтініштер қабылдайды:

1.  Ташкент стоматологиялық институтының Бухаралық филиалы

2.  Башқұрт мемлекеттік медицина университеті

3.  Тюмень мемлекеттік медицина университеті

4.  Рязань мемлекеттік медицина университеті

5.  Орынбор мемлекеттік медицина университеті

6.  Гомель мемлекеттік медицина университеті

7.  Акакия Церетели мемлекеттік университеті

8.  Н.А.Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті

9.  Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян мемлекеттік университеті

10.   Алтай мемлекеттік медицина университеті

Академиялық ұтқырлық аясында бағыттың бастапқы шарттары: жолақы студенттің өз есебінен, оқу жооараларындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандум негізінде, тұру жіберетін және қабылдайтын университеттер арасындағы келісім бойынша жүзеге асады.

Ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар 2016 жылдың 25 ақпанына дейін Халықаралық қатынастар және Болондық процесс бөлімі (Бас корпус, Гоголь көшесі 40, 102-ші кабинет) қабылданады.

Академиялық ұтқырлықтың болжамды мерзімі 2016 жылдың  наурыз-маусым айлары.

Өзіңізбен болу керек:

üРектордың атына өтініш (үлгісі ұсынылады)

üТөлқұжат (түпнұсқа және көшірме)


0
10147

пікірлер

пікір қалдыру үшін.