Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

18 Қыркүйек 2015


«Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары үшін академиялық ұтқырлық аясында 2015-2016 оқу жылы ағымында пәндерді өтуге төмендегі жоғары оқу орындарына өтініштер қабылдайды:

1.  Ташкент стоматологиялық институтының Бухаралық филиалы

2.  Самарканд мемлекеттік медицина университеті

3.  Ташкент педиатриялық медициналық университеті

4.  Новосібір мемлекеттік медицина университеті

5.  Башқұрт мемлекеттік медицина университеті

6.  Тюмень мемлекеттік медицина университеті

7.  Омбы мемлекеттік медициналық академиясы

Академиялық ұтқырлық аясында бағыттың бастапқы шарттары: жолақы студенттің өз есебінен,  оқу жоо араларындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандум негізінде, тұру жіберетін және қабылдайтын университеттер арасындағы келісім бойынша жүзеге асады.

Ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін Халықаралық қатынастар және Болондық процесс бөлімі (Бас корпус, Гоголь көшесі 40, 102-ші кабинет) қабылданады.

Академиялық ұтқырлықтың болжамды мерзімі 2015 жылдың  қазан-қаңтар айлары.

Өзіңізбен болу керек:

·  Ректордың атына өтініш (үлгісі ұсынылады)

·  Төлқұжат (түпнұсқа және көшірме)

·  Алдыңғы оқу мерзімі нәтижелерімен транскрипт


0
15877

пікірлер

пікір қалдыру үшін.