Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Мемлекеттік сатып алу бөлімі
Мемлекеттік сатып алулар бөлімі

Мемлекеттік сатып алулар бөлімі

Мемлекеттік сатып алулар бөлімі

Бөлімнің негізгі мақсаты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады. Тиімді жоспарлауды, университеттің үздіксіз қызметін, мемлекеттік сатып алудың құқықтық реттеу принциптерін сақтай отырып, мемлекеттік сатып алуға арналған қаржының оңтайлы және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету.

Бөлімнің міндеті университеттің барлық бөлімшелерінің қалыпты қызмет жасауы мен ҚР заңнамасына сәйкес сапалы оқыту үшін тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлімнің негізгі функциялары

Мемлекеттік сатып алу және материалдық жабдықтау бөлімінің қызметтеріне мемлекеттік сатып алу үшін қолданылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсау принципін сақтай отырып, қажетті тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қамтамасыз ету кіреді. Ол үшін мемлекеттік сатып алу және  материалдық жабдықтау бөлімі келесі қызметтерді атқарады:

- мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын өңдеу және бекіту;

- құрылымдық бөлімшелердің материалдық қажеттіліктері бойынша өтінімдерін қарастыру;

- мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге конкурс өткізу, бір көзден тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

- мемлекеттік сатып алу шарттар бойынша Өнім берушілердің міндеттемелерін орындауына бақылау;

- құрылымдық бөлімшелердің материалдық құндылықтарын мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау;

- ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақталуына бақылау жүргізу.

Мемлекеттік сатып алу және материалдық жабдықтау бөлімінің құрылымы:

1)  Бөлім бастығы– Данилин Алексей Олегович

Білімі жоғары, «Қаржы және несие» бакалавры, «Құқықтану» бакалавры.

Бөлімде 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы болып табылады.

2)  Жаманқұлова Анар Канатовна – мемлекеттік сатып алу бойынша маман. Білімі жоғары, «Халықаралық құқық» бакалавры, «Экономика» бакалавры.Бөлімде 2010 жылдан бастап қызмет жасайды.

3)  Миртемиров Рахатбек Шаймарданұлы – мемлекеттік сатып алу бойынша маман. Білімі жоғары, «Инженер-бағдарламалаушы, математик» маманы. Бөлімде 2014 жылдан қызмет атқарады.

4)  Нуртазин Данияр Ерсинович - мемлекеттік сатып алу бойынша маман. Білімі жоғары, «Құқықтану» бакалавры.  Бөлімде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

5)  Лепилина Татьяна Алексеевна - мемлекеттік сатып алу және материалдық жабдықтау бөлімінің қойма меңгерушісі. Білімі орташа-техникалық «Технолог».  Бөлімде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

6)  Третьякова Диана Васильевна - мемлекеттік сатып алу және материалдық жабдықтау бөлімінің қоймашысы. Б ілімі орташа-арнайы  «Фармацевт». Бөлімде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.