Ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО)
Ғылыми-зерттеу орталығының құрылу тарихы 1966 жылы Орталық
ғылыми-зерттеу зертханасы ұйымдастырылған (ОҒЗЗ) кезеңнен бастау алады.
1991 жылы Ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырылды, алғашқы жетекшісі м.ғ.д., профессор Е.Н.Сраубаев болды, ал кейінгі жылдары орталықты м.ғ.д., профессор Т.У.Турганбеков, м.ғ.д., профессор Н.В.Козаченко, м.ғ.д., И.С.Азизов, м.ғ.д., Н.К.Дюсембаева, х.ғ.к. Т.Т.Едильбаева, PhDдокторы Д.Б. Бабенко басқарды.
Ғылыми-зерттеу орталығы – университетің ғылыми-зерттеу қызметінің мониторингі және үйлестірілуін, жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын «ҚМУ» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі.
Орталықтың басты міндеттері:
- ҚМУ ҒЗО-да ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру, ғылыми өнімдерді шығару;
- университетің ғылыми-зерттеу қызметінің мониторингі және үйлестірілуі;
- халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Орталық құрылымы:
1. Ұжымдық пайдалану зертханасы
2. Виварий
Байланыс ақпараты:
ҒЗО Директоры, PhD Дмитрий Борисович Бабенко
Мекенжайы: Гоголь көш., 40, 136-кабинет
Телефон: 8 (7212) 51-38-97 іш.1283
электрондық пошта: babenko@qmu.kz