Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Басқарма
Тұрғынов Ермек Мейрамұлы

Ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор

Тұрғынов Ермек Мейрамұлы

Тұрғынов Ермек Мейрамұлы, 1969 жылы туылған, 2 жоғары білімі бар: 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген, 2021 жылы – Almaty Management University бизнес және басқару бакалавры дәрежесі берілген.

1991 жылдан 2022 жылға дейін «Облыстық клиникалық аурухана» жанындағы «ҚМУ» КеАҚ госпитальдық хирургия (хирургиялық аурулар) кафедрасында клиникалық жұмысты, ғылыми-педагогикалық қызметпен ұштастыра отырып, жұмыс істеді:

1991-1993-клиникалық ординатура;

1993-1996-аспирантура;

1996-1997-кафедра ассистенті;

1997-2000-кафедра докторанты;

2000-2003-кафедра доценті;

2003-2020-кафедра меңгерушісі;

2020-2022-кафедра профессоры.

1996 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, 2002 жылы - доцент дәрежесі, 2006 жылы -медицина ғылымдарының докторы, 2008 жылы-медицина профессоры атағы берілді.

Хирург-дәрігерінің жоғары біліктілік санаты бар.

Әр түрлі кезеңдерде шұғыл хирургиялық бөлімше меңгерушісі, директордың хирургия жөніндегі орынбасары, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хирургия және урология жөніндегі үйлестіру орталығының мүшесі міндеттерін атқарды.

ҚР ДСМ 2006 жылғы МЖМБС және 2009 жылғы резидентура МСДБ әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының, «Хирургия мамандануы бойынша интернатура»үлгілік бағдарламасының, хирургиялық көмек көрсету стандартының мүшесі, диагностика мен емдеудің 10-нан астам клиникалық хаттамасының авторы.

Медициналық ұйымдарды институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі Еуразиялық аккредиттеу орталығы комиссияларының төрағасы.

Аккредиттелген тәуелсіз медициналық сарапшы.

ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруды алған 6 ҒЗЖ тақырыбының және ҚММУ ішкі гранттық қаржыландырудың 2 ҒЗЖ тақырыбының жетекшісі, фармацевтикалық препараттардың клиникалық сынақтарының жетекшісі (1 және 2 кезең).

Қорғалғандиссертациялардыңжетекшісі (1 м.ғ. д., 1 м. ғ. к., 6 PhD), қазіргіуақытта 5 PhD диссертацияныңғылымикеңесшісіретіндебекітілген.

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Медицина» және «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінің төрағасы, Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының жанындағы диссертациялық кеңестердің уақытша мүшесі. «Новгород мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналының редакциялық алқасының және «Медицина және экология» республикалық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.

300 - ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде-10 монография, 31 оқу – әдістемелік құрал, 40 патент және зияткерлік меншік туралы куәлік, Web of Science және Scopus индекстейтін журналдарда 20 мақала, Хирш индексі-3 (Scopus).

2009 жылдан бастап International Society of Surgery (Халықаралық хирургия қоғам) толық мүшесі.

2012 жылдан 2021 жылға дейін - «Қарағанды облысының хирургиялық қауымдастығы» ҚБ құрылуының бастамашысы және басшысы.

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, алыс және жақын шет елдерде ғылым, білім және клиникалық медицина бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің сертификаттау циклдарынан өткен.

П.М. Поспелов атындағы «ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін» (2015), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2019), «ЖОО үздік оқытушысы»  (2008, 2011) медальдарымен марапатталған.

Үйленген, 3 баласы бар.