Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Хирургиялық аурулар кафедрасы

Хирургиялық аурулар кафедрасы

Хирургиялық аурулар кафедрасы

Кафедра №1,№2 және №3 хирургиялық аурулар кафедраларын біріктіру арқылы құрылды. Кафедра меңгерушісі-медицина ғылымдарының докторы, доцент Төлеубаев Берік Еркебұланұлы.

Госпиталдық хирургия кафедрасы 1953 жылы Қарағанды қаласының №1 қалалық клиникалық аурухананың екі хирургиялық бөлімдері негізінде құрылған. Травматология, ортопедия және әскери-далалық хирургия кафедрасы профессор Х.Ж. Мақажанов клиникасы базасында 1958 ж. құрылды, 2018 жылы университет басшылығының бастамасымен екі бөлімше біріктірілді.

Кафедраның құрамы:

Кафедрада оқу үрдісіне жаңа әдістер мен технологиялар үнемі енгізіліп отырады. Қазіргі уақытта білім беру және симуляциялық технологиялар орталығы жағдайында практикалық дағдыларға оқыту жүргізілуде, сондай-ақ практикалық дағдылардың қорытынды аттестаттауы ОСКЭ (объективті структураланған клиникалық емтихан) түрінде өткізіледі. Интерактивті және мәселелік дәрістер іске асырылды, субординатура және интернатурада тәжірибелік сабақтарда проблемалы бағдарламалық оқыту элементтері қолданылады.

Кафедра оқытушыларының күшімен 30 жоғары оқу бейнефильмдері, бейнеэндоскопиялық операцияларда істелетін дағдыларды үйрену үшін компьютерлік тренажер, кеуде және іш қуыстарының муляжы, қол муляжы, құрал, талдау, рентгенограмма жиынтығы, макропрепараттар, қан құю бойынша пакеттер, тігіс салуға және тереңде жіп байлауға арналған тренажерлер, слайдтар, таблицалар, фолийлар, клиникалық үлгілер дайындалды. Кәсіптік тәжірибе бойынша арнамалы кабинет ұйымдастырылған. Студенттер өз бетімен дайындалуы үшін орыс және қазақ тілдерінде 50-ден артық оқу-әдістемелік құралдар типографиялық баспадан шықты, қазақ тілінде «Госпитальдық хирургия» 2-томдық және «Жедел хирургия» оқулықтары, хирургиялық терминдер сөздігі баспадан шығарылды.

Кафедраның клиникалық базасы – республикада ең үлкен, жалпы төсек қоры – 400. Негізгі база – Облыстық клиникалық аурухана  көпсалалы емдеу мекемесі болып табылады, екінші база – Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана.

1984 жылы профессор С.В.Лохвицкийдің басқаруымен бұрын соңды болмаған ғылыми-оқу-өндірістік  «Хирургия» бірлестігі ұйымдастырылды, ол кафедра қызметкерлері мен облыстық клиникалық аурухана ұжымының қызметкерлерін шынайы бір ұжымға біріктіріп тұрғындарға жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетуге, сабақ өткізуге және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге  үлкен мүмкіншілік жасады. Профессор С.В.Лохвицкий Республикада алғашқы болып аяқ-қолдарда микрохирургиялық  реплантация жасады, шораяқтық кезінде лимфовенозды анастомоздар салу, микрохирургия мамандарын дайындады. 1995 жылдан бастап эндовидеохирургиялық операциялар жасалып жатыр. Хирургиялық саладағы науқастарды емдеуге арналған ҚСРО, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы патенттерімен қорғалған 100-аса жаңа әдістер тәжірибеге енгізілді.

Оқытушылық жұмысқа кафедраның клиникалық базасындағы тәжірибелі қызметкерлер шақырылады – директордың хирургия бойынша орынбасарлары, хирургиялық бөлім меңгерушілері.

Қазіргі кезде кафедраның негізгі ғылыми бағыты хирургиялық әрекеттердің аз инвазивті әдістерін іздеп, тауып, өңдеп тәжірибеге енгізу және қазіргі кездегі ақпараттық технологияны өңдеу. Кафедра қызметкерлерінің басқаруымен 25 докторлық және 105 кандидаттық диссертация дайындалып қорғалған, 1000-нан аса ғылыми жұмыстар олардың ішінде 20-дан артық монография жарыққа шыққан. Кафедра қызметкерлері съездерде, пленумдарда, конференциялар, симпозиумдар жұмысына белсенді қатысады.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі (СҒҮ) істейді. Үйірме отырысында хирургиядағы жаңа технологиялар және әдістер туралы ақпараттар талқыланды. Студенттер ғылыми периодиканың жаңалықтарымен, ғылыми жұмыс жазуға қойылатын талаптармен танысады. СҒҮ жұмыс істегеннен бері 20-дан астам студент студенттік жұмыстардың республикалық конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды.

2006 жылы профессор С.В.Лохвицкийге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», деген атақ, профессор А.А.Нұрбеков 2010 жылы «Қарағанды облысының үздік хирургі» атанды.