Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасы

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасы

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасы

Қарағанды медициналық университетінің «Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология» кафедрасы 2020-2021 оқу жылы

ұйымдастырылды. Кафедра құрамына «Ересектер анестезиологиясы және реаниматологиясы», «Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы», «Жедел және шұғыл медициналық көмек» мамандықтары бойынша жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар қызметкерлер кіреді. Кафедраның негізгі клиникалық базасы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көбейінді ауруханасы» КМК болып табылады.

Кафедра меңгерушісі – Васильев Дмитрий Владимирович, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, "Анестезиология және реаниматология" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер, кафедра қызметкерлерімен өткізілетін барлық қызмет бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына профессорлар, ассистенттер, әдіскер, кеңсе-менеджер, көмекші персонал кіреді. Қызметкерлер арасынғы   міндеттер , қызметі  бойынша бөлінген.

Профессор Айсанов Бауыржан Тезекбайұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер. Өз жұмысын  Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханасының клиникалық базасында «Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар» мамандығының резиденттерімен орындай отыра , әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер арасында біліктілікті арттыру циклдерін өттіп, ҚР өңірлерінде күрделі клиникалық жағдайларға кеңес беруді жүргізеді.

Профессор Алпысова Айгуль Рахманберлиновна, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ доценті, «Терапия (Жедел және шұғыл медициналық көмек)» мамандығы бойынша жоғарғы дәрежелі санаттағы дәрігер,  студенттерге, әр түрлі профильдегі дәрігерлерге   білім деңгейін арттыруға бағытталған ғылыми және кәсіби қызметтің кең  спектрін жүзеге асырады. Профессор Алпысова А.Р., ҚР ДСМ медициналық қызмет сапасын бағалау саласында тәуелсіз аккредиттелген сарапшы бола отырып, медициналық карталарға сараптамалық бағалау жүргізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары мен клиникалық хаттамаларын әзірлеуге қатысады.

Кафедра қызметкерлері университеттің миссиясын негізге ала отырып студенттер, интерндер мен резиденттер арасында білім беру процесін жүзеге асырып, клиникалық базаларда ғылыми, әдістемелік, тәрбие және емдеу жұмыстарын орындайды.Кафедра ассистенттері: Ажиметова Г. Н., Оразбаева Б. С., Матаева Л. М., Бочарова Л. И., Тулеуова г. К., Абишева Б. И., Телембетов Н. Т., Илахи М., Шульц Т. Э., Суббота Ю. В., Байекеева М. С., Васильева Н. Н., Мусина Л. С., Мугазов М. М., Сапожников М. П., Тигай Г. И., Даванов Ш. К., Ромашкова А. К. , негізгі қызметтен басқа, өздерінің кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын үнемі арттыруда, біліктілікті арттыру циклдарына қатысып педагогикалық шеберліктерін үнемі жетілдіруде. Сонымен қатар қосымша  персонал: Тыныбаева Р. Ш., Днишева А., Садыкова А. С., Елубай А. С.,әдістемелік қамтамасыз ету мен  құжаттаманы ресімдеу тәртібін сақтауды жүзеге асыруда. 

Оқытудың негізігі білім бағыты: 6B10102- «Жалпы медицина», мамандығы «Кідірісіз көмек және қарқынды терапия» пәні - 5 курс студенттері; сондай – ақ «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандану бағытының  «Отбасылық медицинадағы шұғыл жағдайлар» пәні-7 курс дәрігер - интерндері; «Педиатрия» мамандығы «Жедел шұғыл медициналық көмек» пәні-7 курс дәрігер-интерндері болып табылады.

Оқудың басты бағыттардың бірі, «Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар» мамандығының резиденттерін даярлау болып табылады.

Пәннің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: Қанайналымы мүшелерінің аурулары науқастардың емдік-диагностикалық тактикасы, мерзімділік категориясы бойынша шақыртулардың медико-экологиялық маңыздылығы  бойынша сұрыптау, ЖМК кезеңінде акушерлік-гинекологиялық патология анализі.

 Емдеу қызметінің негізгі бағыттары: ЖМК бригадаларымен шығу кезінде қызметкерлердің емдеу-диагностикалық жұмысы, анестезиологиялық оқу құралдары, қарқынды терапия бөлімшелерінің пациенттердің консультациясы мен курациясы, шақыру бригадаларының шақырту карталарын экспертизасы, медициналық жұмыскерлер үшін мастер-класстар, клиникалық базаларда семинарлар өткізу, диагностикалаудың және емдеудің жаңа тиімді тәсілдерін енгізу, Қарағанды облысы бойынша өлім жағдайларын және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша сапасын тәуелсіз экспертизалау. 

Студенттердің тәжірбелік дайындықтары және кафедра қызметкерлерінің емдік жұмыстары  ЖЖМОК КМК №5 қосалқы станциясында, Қарағанды қаласының №4 емханасында, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көбейінді ауруханасы» КМК, Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханасында, Қарағанды қаласының №3 көбейінді ауруханасында, Қарағанды қаласының балалар ауруханасында, Қарағанды қаласының көз микрохирургиясы орталығында, аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталықта жүзеге асырылады.

Оқу процесінде ПОҚ проблемалық-бағытталған оқытудың белсенді әдістерін қолданады: TBL, CBL, RBL.

Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.