Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Информатика және биостатистика кафедрасы

Информатика және биостатистика кафедрасы

Информатика және биостатистика кафедрасы

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы 2004 жылы биофизика, медициналық кибернетика және медициналық электроника курстары негізінде құрылды.

2018-2019 оқу жылында кафедра атауы Информатика және биостатистика кафедрасы деп өзгертілді.

Қазіргі таңда кафедрада келесі пәндер бойынша білім берілуде. Олар:

бакалавриат мамандықтарында – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, математика, физика, медициналық биофизика және  биологиялық статистика.

Ал магистратура мамандықтарында - биологиялық статистика және докторантура мамандықтарында - биологиялық статистика (озық курсы).

Информатика және биостатистика кафедрасының меңгерушісі  – биология ғылымдарының докторы, профессор Койчубеков Берик Кенжибаевич.  Койчубеков Б.К. - «Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» (2013 ж) грантының иегері. ҚР-ның білім және ғылым Министірлігінің мадактау грамотасымен марапатталған.

Информатика және биостатистика кафедрасында медицина ғылымының кандидаттары: доцент  Сорокина М.А,  доцент қызметін атқарушы Мхитарян К.Э. және доцент Фахрутдинов К.К., сонымен қатар, аға оқытушылар: Омарбекова Н.К., Коршуков И.В., Бражанова А.К., Айткенова А. А., Абдыкешова Д.Т., Меньшова Е.П. және оқытушылар: Тажина А.М., Бадекова К.Ж., Жумакаева К.Н., Жунусова Г.Т., Алибиева Д.Т., Сыдыкова А.Ж., Пашев В.И., Хабдолда Б., Капашева А.С., Мергенбекова А.Н., Нургалиева Э.Ф., әдіскер Коршукова М.А. жұмыс жасайды.

Доцент Сорокина Марина Анатольевна - Д.А. Қонаев атындағы  жаратылыстану ғылымдары бойынша жас ғалымдардың үздік ғылыми жұмыстарының жүлдесінің лауреаты, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.

Аға оқытушы Омарбекова Назгуль Какеновна педагогикалық қызметтегі  жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мадақтамасымен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатымен марапатталған. Аға оқытушы Абдыкешова Дамеш Тишбаевна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатымен марапатталған.

Кафедраның оқу процесін ұйымдастыру бойынша кафедра лаборанттары Тажина А.М. және Сериковa Ш.Б. үлкен жұмыс атқаруда.

Кафедраның қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары қоршаған ортаның факторларына бейімделу, диагностикалық критерийлерді әзірлеу, вегетативтік және орталық жүйенің күйін түзету мәселелерімен байланысты. Осы зерттеулердің аясында соңғы жылдары 200-ден астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде,  шетелдік басылымдарда да шығарылды. Бұған қоса, 8 патент пен зияткерлік меншікті тіркеу туралы 15 сертификат алынды.

Қазіргі таңда кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының және Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-техникалық O.0769 «Қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін жасау» (2017-2019 жж.) бағдарламасының іске асырылуына қатысуда.

Кафедрада қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі пәндер бойынша өткізілетін сабақтар үшін MOODLE қашықтықтан оқыту сайтына орналастыруға арналған әдістемелік материалдарды жасау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.