Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Патология кафедрасы

Патология кафедрасы

Патология кафедрасы

«Университеттің құрылымдық бөлімдерінің өзгерістері» атты №11 26.06.18 жылдың ҚММУ ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 01.09.2018 жылдан бастап патологиялық физиология және патологиялық анатомия кафедраларын біріктіре отырып Патология кафедрасы ұйымдастырылды.

  Патология кафедрасында келесі пәндер оқытылады: «Патологиялық  үрдістердің негіздері», «Аурулардың механизмі.Тыныс алу жүйесі», «Аурулардың механизмі. Қан түзуші жүйе», «Аурулардың механизмі. Жүрек-тамыр жүйесі», «Аурулардың механизмі. Тірек-қимыл жүйесі», «Аурулардың механизмі. Несеп шығару жүйесі», «Аурулардың механизмi. Жүйке жүйесі», «Аурулар механизмі. Асқорыту жүйесі», «Аурулар механизмі. Эндокриндік жүйесі»

«Жалпы патология, «Мүшелер мен жүйелер патологиясы, «Ауыз қуысының патологиясы, «Анатомия, физиология және патология», «Патологиялық физиология», «Кең таралған зат алмасудың біртектес бұзылыстарының патогенетикалық емдеу принциптері», «Клиникалық патоморфология», «Сот медицинасы».

ҚММУ байқау комиссиясының 2018 жылдың 11 қыркүйегінің шешімімен кафедраны профессор С.Б. Жәутікова басқарады. 

Жәутікова Сауле Базарбайқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары педагогикалық дәрежеге ие. 1986 ж. ҚММИ «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік аяқтады. Кафедрада 1994 жылдан бері жұмыс жасайды, 2003 жылдын қыркүйегінен бастап 2018 жыл аралығында кафедра меңгерушісі болып табылады. 1998 жылы “Влияние глибенкламида на углеводный обмен и липопероксидацию при сахарном диабете” тақырыбына кандидаттық диссертациясы жұмысын қорғады (экспериментальды-клиникалық зерттеу).  2000 ж. бастап доцент атағын иеленді. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды, 2005 ж. «ҚР үздік оқытушысы» грантын алды. 260-тан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары ба, олардың нөлдік емес импакт факторы бар басылымдар, 2 монография, ҚР БҒМ белгісі бар 10 оқулық, 31 қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдар , 2 предпатент, 51 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері. 2008 ж. «Санофи – Авентис» медициналық грантының «Диабетология» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды. 2009 жылдың қаңтар айында 14.00.03 – эндокринология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы дәрежесіне диссертациялық жұмыс қорғады, 2011 жылдан бастап профессор атағына ие, жоғары дәрежелі дәрігер-эндокринолог. 2005 және 2006 жылдарында «ҚММА үздік кафедра меңгерушісі», 2005 жылы «ҚММА үздік кафедрасы» атағына ие болды. 2015 жылы П.М. Поспелов атындағы «За вклад в развитие КГМУ» белгісімен марапатталды. Ғылыми кадрлар тағайындаудағы жетістіктер: медицина ғылымдарының 3 кандидаты; «Медицина» мамандығы бойынша 1Ph.D, «Медицина» мамандығы бойынша 3 магистр, эндокринология мамандығы бойынша 11 резидент. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. E-mail: Zhautikova@qmu.kz.

Кафедра ұжымы 27 адамнан тұрады: кафедра менгеруші м.ғ.д. С.Б. Жаутикова; профессорлар: м.ғ.д. М.М. Тусупбекова, м.ғ.к. Ф.С. Абикенова, м.ғ.к.  Х.Р. Абдикадирова, м.ғ.к.  И. В Медведева.,  м.ғ.к.  С.А. Мусабекова, Л.М. Стабаева;  профессор-ассистенттері: К.М. Жиенбаева, Ю.П. Таласпекова, О. А. Костылева, Г.Н. Иманбаева,  Р.Ж. Ныгызбаева; ассистенттер: Д.Л. Косицын, С.Н. Журавлев; ассистент- тағылымгер О.Е. Байбулатов;  оқытушы-тьюторлар: И.А. Барышникова, А.М. Карипова, Б.М. Сулейменова,М.Ш. Жалмаханов, Р.М. Дусмаилов, Е.А. Котов,  И. Мухаммад; әдіскер А.Қ. Дюсекина; лаборанттар: А.М. Пахоленко,  Л.И. Барышева; офис-менеджерлер: А.Ж. Оскембекова, И.К. Смагулова.

Түсіпбекова Майда Масхаповна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-педогогикалық және дәрігерлік жұмыс еңбек өтілі - 46 жыл. ҚР БҒМ және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі; ҚММУ хирургиялық пәндер бойынша ғылыми-сараптамалық комиссия мүшесі, «Медицина және экология» журналдарының редакциялық алқасының жауапты хатшысы, ҚР БҒМ басылымдар тізіміне енгізілген. 400 - ден астам басылымның авторы, сонымен қатар Израильде, Францияда, АҚШ, Түркия, БАЭ, Чехия, Ұлыбритания және ТМД, ИМПАКТ-факторлы еуропалық журналдарда басылымдары бар. 23 монография, 6 көркем шығармалар,  29 әдістемелік нұсқау және ұсыныстары бар. Өнер тапқыштық 6 авторлық патенті бар, 29 зияткерлік меншікті тіркеу туралы куәліктер. Басшылығымен 4 докторлық, 8 кандидаттық, «Медицина», мамандығы бойынша , 1 PhD-докторлық, 10 магистрлік диссертация қорғалды. Патологиялық анатомия мамандығы бойынша  4 резидент, Қазіргі уақытта 5 PhD-докторлық, 1 магистрлік жұмыстың жетекшісі. Клиницистерге дәрігер - патологанатомдарға және сот-медициналық сарапшыларға  мастер-кластар жүргізеді.Мемлекеттік марапаттары бар: "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiнің үздiгi", «Қазақстан Республикасының білім берудегі Құрметті қызметкері», "Еңбек ардагері" медальі; 2006ж. «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» ҚР БЖҒМ Мемлекеттік грантының игері болып табылады, арнайы медициналық гранттың 2-і  номинация бойынша «Диабетология» және «Онкология» «Санофи–Авентис» арнайы медициналық грантының иегері, 2012 ж. қорытындысы бойынша «Медицина аймағындағы ҚР үздік тәуелсіз сарапшысы». Профессор М.М. Түсіпбекова жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологанатом болып табылады, МКСБК және ҚР ДСМ ФҚ тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы, «Қазақстан Республикасының Президент Ісі Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында» морфологиялық сұрақтар бойынша кеңес беруші. E-mail: M.Tusupbekova@qmu.kz.

Абикенова Фатима Самитовна - медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, кафедрада 1992 жылдан бастап жұмыс атқарады,  I педагогикалық дәрежеге ие. 1987 жылы ҚММИ «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын үздік аяқтады. 1999 жылы кандидаттық диссертациясын «Влияние гепарина на липопероксидацию и морфофункциональное состояние ß-клеток поджелудочной железы при экспериментальном сахарном диабете» патологиялық физиология - 14.00.16 мамандығы бойынша қорғап шықты. 2002 жылдан бастап кафедра доценті. 84 ғылыми публикациялары бар, 7 оқу-әдістемелік құралдың авторы. 2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 2003 ж. ҚР денсаулық сақтау министрінің мақтау қағазымен марапатталды, 2005 жылы ҚММА ПОҚ рейтингісі бойынша «Үздік доцент» атағына ие болған. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс. E-mail:F.Abikenova@kgmu.kz.

Жиенбаева Кымбат Мураткызы  - профессор ассистенті, I педагогикалық дәрежеге ие. ҚММА-ны 2005 ж. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген. 2005 ж. бастап кафедра оқытушысы болып жұмыс істейді. 23 ғылыми және әдістемелік публикациялары бар, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы.  2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 2014 жылы ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтап, Медицина магистрі атағына ие болды.Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді. Оқыту тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.E-mail: Zhienbaeva@qmu.kz.

Абдикадирова Хамида Рахимовна - медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор,  кафедрада 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады, I педагогикалық дәрежеге ие. 1996 жылы ҚММИ «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 2006 жылы 14.00.07 – Гигиена мамандығы бойынша «Құрамында мыс бар полиметалды шаңның және алиментарлық коррекцияның бауырдың құрылымы мен қызметіне әсері (эксперименттік жұмыс)» атты кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 40 жуық ғылыми және әдістемелік публикациялары бар. 2016 жылдың маусым айында ҚММУ «Патологиялық және клиникалық патофизиология» пәндері бойынша мамандырылды. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс. Abdikadirova@qmu.kz.

Медведева Ирина Валерьевна медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор,  1 дәрежелі дәрігер невропатолог.2008 жылдан бастап кафедра оқытушысы болып жұмыс істейді. 2002 жылы 14.00.13 – Нерв аурулары мамандығы бойынша «Клиническая и морфологическая характеристика поражения лимбической системы при опийной наркомании» тақырыбымен медицина ғылымдарының кандидаттығына диссертациясын қорғады. 20 ғылыми публикациясы, 1 предпатенті бар. 2012 жылдың шілде айында РФ Сургут мемлекеттік университетінде «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды.Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері –орыс, ағылшын. E-mail: Medvedeva@qmu.kz.

Таласпекова Юлия Павловна – профессор ассистенті, I педагогикалық дәрежеге ие.  2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады. 2005 жылы ҚММА «Медико-профилактикалық ісі» мамандығын бітірген. 2013 жылдың қаңтар айында ҚММУ- де алғашқы педагогикалық мамандандырылудан өтті. Шілде айында «Патологиялық және клиникалық патофизиология» пәні бойынша мамандандырылды. 7 ғылыми публикациясы бар. Ғылыми- педагогикалық магистратураға түсуге дайындалуда. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – орыс, ағылшын. E-mail: Talaspekova@qmu.kz.

Барышникова Ирина Александровна – оқытушы-тьютор, I педагогикалық дәрежеге ие. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады.  1995 жылы ҚММИ «Педиатрия» мамандығын бітірген. 1996 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1996 жылы Саран қаласында бөлімше дәрігері болып жұмыс атқарды. 2007 жылы Қарағанды қаласының Санэпидэкспертиза орталығында жұмыс атқарды. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілі–  орыс. E-mail:Baryshnikova@kgmu.kz.

Карипова Асима Муратовна – оқытушы-тьютор, I педагогикалық дәрежеге ие. 2013 жылы наурыз айынан бастап кафедрада оқытушылық қызмет атқарады. 1985 жылы ҚММИ «Педиатрия» мамандығын бітірген. 1985 жылдан бастап Агадыр рай.СЭС. дәрігер- лаборант болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан Карағанды облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығында қызмет атқарған. 01.10.14 – 17.12.14 ж. құзыреттілік бойынша педагогикалық біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс. E-mail:KaripovaA@kgmu.kz.

Жалмаханов Мурат Шарапатович  - оқытушы, 2013 жылдың қазан айынан бастап кафедрада қызмет атқарады. I педагогикалық дәрежеге ие. 2003 жылы ҚММА «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 2003 жылы ОҚО СЭС дәрігер қызметін атқарды. 2012 жылы Қарағанды қаласының Санэпидэкспертиза орталығында дәрігер жұмысын атқарды. Мамандандыру бойынша сертификаттарға ие. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – ағылшын, қазақ. E-mail: Zhalmahanov@kgmu.kz.

Сулейменова Бахыт Маратовна – оқытушы-тьютор, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедрада қызмет атқарады. 1993 жылы ҚММА «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын бітірген. 2016 жылы маистратураны «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірді. Педагогика мен интеграцияланған және инновациялық оқыту бойынша 6 компетенция игерді.  Оқыту тілдері – қазақ, орыс. E-mail: SuleymenovaB@kgmu.kz.

Мусабекова Сауле Амангельдиевна - медицина ғылымдарының кандидаты,профессор, жоғары педагогикалық санаты бар, сот медицинасы, патологиялық анатомия пәніне  жауапты, жоғары білікті санатты сарапшы - дәрігер, ғылыми қызығушылығы – сот – медицина сараптамасында молекулалық-генетикалық талдау. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1997 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын бітірді. 2005 жылы «Заманауй синтетикалық жуғыш құралдарды пайдалана отырып жуудан кейін физикалық дәлелдер бойынша қанның дақтарын сот-биологиялық сараптау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1997 жылдан бастап 2016 жылдың 31 наурызына дейін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК Қарағанды ​​филиалында жұмыс істеді, алдымен физикалық дәлелдемелерді сараптаушы, содан кейін сот-биологиялық бөлімнің бастығы. ҚММУ - да 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істейді. Сауле Амангельдиевна дәріс және тәжірбиелік сабақтарды жүргізуден басқа, ғылыми жұмыстарменде белсенді айналысады. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Өткізу тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.  E-mail: MusabekovaS@qmu.kz.

 Стабаева Лейла Медеубаевна, І-ші біліктілік санатты дәрігер-патологоанатом. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясын 2004 жылы "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірді. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің қауымдастырылған профессоры лауазымында 2009 жылдан бері жұмыс істеп, "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша алғашқы мамандану циклінен өтті, І педагогикалық санаты бар. 2015 жылы "Патологиялық анатомия, оның ішінде балалар анатомиясы" мамандығы бойынша резидентураны бітірді. 2019 жылы PhD докторантураны бітірді. Лекциялар мен практикалық сабақтардан басқа, Лейла Медеубаевна, ғылыми қызметпен белсенді айналысады, оның ішінде ғылыми қызығушылығы – өкпенің гранулематозды ауруларының дифференциалды диагностикасы. 30-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде нөлді емес Импакт фактормен басылымдарда, 2 оқу-әдістемелік құралдардың авторы, сондай-ақ "Жалпы патологиялық үдерістердің морфологиялық атласы" және "Клиникалық патоморфология бойынша басшылық" сияқты оқулықтардың бірлескен авторы. Оқу сабақтарын өткізу түрлері - TBL, CBL, майнд-мэппинг. Өткізу тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.  E-mail: Stabaeva@qmu.kz

Ныгызбаева Райхан Жаксылыковна – профессор ассистенті, жоғары санатты дәрігер-патологанатом, медицина магистрі. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады, медицина Магистрі дәрежесін алды. Сабақ өткізу тілі – қазақ. E-mail:Nygyzbaeva@qmu.kz.

Журавлев Сергей Николаевич – ассистент, медицина магистрі, 2-ші санатты дәрігер-сот-медициналық эксперт, ғылыми қызығушылығы – ми тамырларының мальформациясының морфологиялық диагностикасы. Ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады, медицина Магистрі дәрежесін алды. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс, ағылшын.  E-mail: Zhuravlev@qmu.kz. 

Костылева Ольга Андреевна – профессор ассистенті,жоғары санатты дәрігер-патологанатом, 1-ші педагогикалық категориялы оқытушы, ғылыми қызығушылығы – жатыр, жатыр түтігі, аналық без операциялық-биопсиялық материалдары бойынша әйел жыныс мүшелерінің патологиясын зерттеу. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс. E-mail: Kostyleva@qmu.kz.

Косицын Денис Леонидович – ассистент, жоғары санатты дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – жатыр мойнының эксцизиясы операциялық материалы бойынша цервикальды интраэпителиальды неоплазияны зерттеу. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс. E-mail: Kosicyn@qmu.kz.

Котов Евгений Александрович – ассистент, 1-ші санатты дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – изучение полового диморфизма соединений костей черепа. TBL, CBL, майнд-мэппинг-түрінде сабақтар жүргізе алады. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс. E-mail:Kotov@qmu.kz.

Иманбаева Гулназира Назымхикматовна – ассистент-профессор, 1-ші санатты дәрігер - патологанатом, 1-ші педагогикалық категориялы оқытушы, ғылыми қызығушылығы – ӨИА клиника-морфологиялық түрлері. Патологиялық анатомия бойынша резидентураны бітірген. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – қазақ.E -mail: Imanbaeva@qmu.kz.

Дусмаилов Рахимжан Мендашевич – ассистент, 1-ші санатты дәрігер-сот-медициналық эксперт, ғылыми қызығушылығы – көлік жарақатының сараптамасы. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – қазақ, орыс. E-mail: Dusmailov@qmu.kz.

Мухаммад Ирфан – ассистент, дәрігер-патологоанатом. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген. Сабақ өткізу тілі – орыс, ағылшын. E-mail: MuhammadI@qmu.kz.

Байбулатов Ойрат Есимханович - ассистент-тағылымгер,медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер – сот-медициналық сарапшы. E-mail: Baybulatov@qmu.kz 

  Кафедрада ғылыми ізденіс жұмыстары екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт – диабеттің механизмдерін және сонымен қатар гипоталамустық семіру патогенезін инсулиннің реттелу механизмін және олардың бұзылуын оқу. Қант диабетінің ізденіс жұмыстары барысында профессор Я. А. Лазарис профессор И. А. Серебровскаямен және өзінің шәкіріттерімен бірге Совет Одағы кезінде бірінші рет аллоксанды және дитизонды диабетті алды. Кафедраның зертханасында 8 жаңа «химиялық» диабеттің үлгілері алынған, яғни инсулин жеткіліксіздігінің молекулалық кейбір механизмдері ізденістің түсініктеріне жақын. Екінші бағыты болып өкпенің жедел ісіну патогенезі мен өкпенің маңызды мембраналық құрылымының – олардың сурфактанттық жүйесінің бұзылыстарын игеру болып табылады.

  Кафедра ұжымымен отандық және шет елдік журналдарда 3000 астам ғылыми мақала басылымнан шыққан, олар патологиялық физиология бойынша көптомдық басқармасының бөлімдерінде, үлкен медициналық энциклопедияда мақала, 11 монография жарық көрді. 11 докторлық және 38 кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалған. 1991 жылы патологиялық физиология кафедрасына профессор Яков Аронович Лазаристің аты берілді. Кафедра оқытушылары негізін қалап кеткен ғылыми дәстүрлерді жалғастыруда.

Патологиялық анатомия бөлімінде ғылыми зерттеу жұмыстары төмендегі басты медико-биологиялық мәселелерге бағытталған: «Тіндер мен мүшелердің өткізгіштігі»; «Адамның маңызда сырқаттарының патологиялық анатомиясы»; "Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар»; «Перинатальды және пренатальды кезеңдегі патологиялық анатомия».

Білім алу барысында гистологиялық препараттарды сандық суретке түсірумен  компьютерленген микроскоп «Leica Microsystems», мультимедиялық жүйесі, оқу бейнефильмдері және білім алудың инновациялық технологиялары  PBL, CBL, TBL қолданылады.

Кафедрада 2 зертхана бар: оқу патофизиологиялық зертхана және  морфологиялық зерттеуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген патоморфологиялық зертхана бар; профессор М.М. Түсіпбекованың және қауымдастырылған профессор Х.Р. Абдикадированың жетекшілігімен студенттердің 2 ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы төмендегі патологанатомиялық бөлімшелерде үнемі кеңес беру-диагностикалық жұмыстарын жүргізеді олар: «Облыстық медициналық орталық»; «Облыстық клиникалық балалар ауруханасы»; «Облыстық клиникалық аурухана», «Сот-медициналық сараптама орталығының Қарағанды филиалы».

Кафедраның мекенжайы: 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 7. тел. 8 (7212) 500642 (қос. 1243, 1237, 1368). №7 автобустарымен жетуге болады, «Гагарин алаңы» аялдамасы.

b0abc64915807a73724ca346fa74fa1c

d6c0818bda975bca805b18048eb8be76

bbb300080475ffbbbb8c3f7e6e848f77

5d10b0a296ee8bb88c29a74160affb06

ca31e45c336368969efc529776fa78aa

a94934492ba465d5278df4687fead8d0

49e06b3315678413525a321b6486b1c1