Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының миссиясы қазіргі клиникалық фармакалогиялық ойлауға қабілетті, дәрілік заттардың зерттеу нәтижелерін интерпритациялау, тиімділігі жоғары және қауіпсіз дәрілік заттарды дұрыс таңдау және тағайындау, олардың қосалқы және дәлелді медицина негізінде мөлшерлеу берілу, нақты клиникалық жағдайда науқастың физиологиялық ерекшелігін сырқаттардың болуы, дәрілік заттардың кері және қолайсыз әсерлерінің пайда болуын болжау және ерте кезеңде анықтау, сырқат ағымын ескере отырып, олардың түзету шараларын жүргізу.

Кафедра тарихынан

1988 жылы жалпы және клиникалық фармакология арасындағы сабақтастықтың маңыздылығын түсіне отырып, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының Анестезиология және реанимация кафедрасының жанында клиникалық фармакология курсы құрылды. 1988 жылдан 1992 жылға дейін клиникалық фармакология курсын доцент АКШАБАЕВА КАИРЖАН АКЫЛБЕКОВНА басқарды.

f19a0b6a342b4e05df29fe0a0c973a26

646244351675892d3b318f731b8c6918

5761aab13aa2c1588a9a6075e463b7ef

Ш.С.Калиева ҚР клиникалық фармакологтар және фармацевтер кәсіптік қауымдастығының Вице-президенті, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының ОӘБ МББ шеңберінде клиникалық фармакология бойынша білім беру бағдарламалары комитетінің төрағасы, базалық, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді және ҒПР аккредиттеу жөніндегі Тәуелсіз академиялық сарапшы, Қарағанды облысы бойынша облыстық денсаулық сақтау департаментінің облыстық Формулярлық комиссиясы төрағасының орынбасары. «ҚМУ» КЕАҚ Формулярлық комиссиясының төрағасы, КО ОУЗ коронавирустық инфекция жөніндегі сараптамалық тобының мүшесі, «ҚМУ» КЕАҚ тәуелсіз сарапшылар кеңесінің мүшесі, «ҚМУ» КЕАҚ этикалық комиссиясының мүшесі.

2015 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен Ш.С. Калиева Қазақстан Республикасының бас штаттан тыс клиникалық фармакологы болып тағайындалды. 2022 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс клиникалық фармакологы болып табылады. 2023 жылдан – Клиникалық фармакология мамандығы бойынша "Болашақ" халықаралық бағдарламалар Орталығының стипендиаты.

ҚР диагностикасы мен емдеудің 30-дан астам клиникалық хаттамасын, оның ішінде "Коронавирустық инфекция-Covid-19" клиникалық хаттамасын әзірлеуші. 2020-2023 жылдар ішінде 228 консилиум өткізілді, 350-ден астам ауыр пациентке кеңес берілді, күрделі клиникалық жағдайларға 40-тан астам тәуелсіз сараптама, 900 клиникалық-фармакологиялық сараптама жүргізілді.

Калиева Ш. С. – 173-тен астам жарияланымның авторы және бірлескен авторы, оның ішінде 35-і халықаралық жарияланым, «Клиникалық фармакология және рационалды фармакотерапия» (2 том), «Ревматологиядағы рационалды фармакотерапия», «Гастроэнтерологиядағы рационалды фармакотерапия» атты  мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған 4 оқулық, медициналық студенттер мен дәрігерлерге арналған 26 оқу құралы, 3 монография, 13 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, h-Хирш индексі – 3 (Scopus), 2- (Web of Science), 8- Google Scholar. Ш. С. Калиеваның жетекшілігімен «Медицина» мамандығы бойынша 1 PhD докторы, 6 магистр дайындалды. Қазіргі уақытта 3 PhD докторанттарын дайындап жатыр.

2004 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған. 2015 жылы ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін Поспелов атындағы медальмен марапатталды. 2020 жылы «Ерең еңбегі үшін» атты мемлекеттік награда-медаллімен марапатталды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Ұлттық медицина қауымдастығының «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының қызметкерлері

Оқу ісінің меңгерушісі:

ассоцияланған профессор, м. ғ. к.Пивень Любовь Ивановна

профессор ассистентіМясникова Жанна Владимировна

Профессорлар:

м.ғ.д. Жаугашева Сабира Кеделевна

м.ғ.д. Абушахманова Айгуль Хамитовна

Ассоцияланған профессорлар

м.ғ.д. Дюсембаева Наиля Камашевна

м.ғ.к. Кемелова Гульшат Сейтмуратовна

м.ғ.к. Ким Татьяна Владленовна

х.ғ.к. Карабаева Клара Уаткановна

м.ғ.к. Сейдахметова Роза Батталовна

Профессор ассистенттері:

Сагадатова Торгин Кайролловна 

Асмагамбетова Маймуна Тулешовна

Жунусова Женискуль Сардарбековна

Дилдабекова Нурипа Тастемировна

Николаева Татьяна Львовна

Кудеринова Манат Кенесовна

Романова Айнур Ризабековна

Симохина Наталья Андреевна

Сабекова Орынбала Жаксылыковна

Оқытушылар: 

Бикбатырова Юлия Юрьевна

Манодж Кумар Шарма

Комаров Тимофей Васильевич

Әдіскерлер:

Амангарина Гульнур Бауыржановна

Калиева Назгуль Амантаевна

Офис – менеджерлер: 

Нестеренко Люция Максимовна  

Райымбекова Жанель Райымбекқызы 

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары дәрілік заттарды ұтымды пайдалану жүйесін жетілдіру бағытындағы зерттеулер болып табылады: дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды зерттеу, жүрек-тамыр жүйесі ауруларында дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың фармакоэпидемиологиялық мониторингі, дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, фармакоэкономикалық зерттеулер, лямблиоз, нейродегенеративті аурулар, Covid-19 жаңа коронавирустық инфекциясы терапиясына жаңа тәсілдерді дайындау.Өсімдік тектес жаңа препараттарды зерттеу. Медициналық білім беру саласында зерттеу жүргізу, Еуроодақтың Эразмус + халықаралық жобаларына қатысу.  1-3 фазадағы дәрілік заттардың клиникалық сынақтары

Қазіргі уақытта кафедра қызметкерлерімен емдеу-консультациялық жұмыс 7 клиникалық базада жүзеге асырылады: «Проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК, «Облыстық психоневрологиялық диспансер» КМК, «ҚМУ» КЕАҚ университеттік клиникасы, «ҚМУ» КЕАҚ стоматологиялық клиникасы, «Қоғамдық Денсаулық сақтау және Кәсіптік Денсаулық институты», «Қарағанды қаласының №5 емханасы» КМК.

  Кафедра Қарағанды облысының Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Облыстық формулярлық комиссияның жұмысы мәселелері бойынша, дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың Ұлттық орталығымен, клиникалармен, ҒЗИ, ДСДРО-мен диагностика мен емдеудің ұлттық клиникалық хаттамаларын дайындау, дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша белсенді ынтымақтасады.

Оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу сапасын арттыру мақсатында кафедра қызметкерлері үнемі кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттырып, оқу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізеді. Барлық қызметкерлерде педагогикалық және кәсіптік біліктілікті арттырудан өткені жөнінде сертификаттар бар.

Кафедра адресі:Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40, каб. 428, 431, 432, 433, Ерубаева к-сі, 18

Байланыс деректері:+7 7212 50 39 30 / (1351, 1388, 1521, 1224)