Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Студенттерге арналған ақпарат

Студенттерге арналған ақпарат

СТУДЕНТТЕРДІҢ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сабақ алдында:

ü  Студенттер сабақ басталардың алдында сыртқы киімін гардеробқа тапсырып, жеке заттары мен сөмкесін СББТО шкафына салады. Халат, қалпақ және екінші аяқ киімді киіп, қатаң түрде кафедраның СББТО-ға тапсырған сабақ кестесіне сәйкес көрсетілген  уақыт бойынша кафедра оқытушысымен/ СББТО жаттықтырушысымен оқу кабинетіне барады.  Студенттер оқытушысыз/жаттықтырушысыз оқу кабинетіне мүлдем кіргізілмейді.

Сабақ барысында:

ü  Оқу бөлмелерінде ұялы телефондарды қолданбаңыз (бұл манекен бағдарламасының дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі). Ұялы телефондарды өшіру керек.

ü  Тәжірибелік сабаққа дайын емес болып келген студенттерді практикалық дағдылардың жаттықтырушысы / кафедра оқытушысы топты СББТО-на сенбі күні өтеуге  жіберуге құқылы.

ü  Сабақ басталудың алдында студенттер оқытушылардан манекендермен және мед. жабдықтармен жұмыс істеудің тәртібі туралы кеңес алады. Тренажерда өз бетімен манипуляциялар жүргізуге, оқытушы немесе СББТО қызметкерлері болмаған кезде компьютердегі бағдарламаларды қосуға, өшіруге және енгізуге қатаң түрде тиым салынады.

ü  Тренажерлардың, манекендердің және компьютерлердің бұзылғаны немесе істен шыққаны анықталған кезде дереу түрде жаттықтырушыға/СББТО қызметкерлеріне хабарлау қажет.

ü  Ақауларды өз бетімен жөндеуге тырыспаңыздар!

ü  Студенттердің үзіліс кезінде оқу кабинетінде оқытушысыз болуына тиым салынады.

ü  Үзіліс кезінде СББТО дәлізінде жүруге болмайды. Үзіліске шығу және үзілістен қайту кезі СББТО-дағы үзілістер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

ü  Сақ болыныз! Тренажер немесе манекенге сұйықтық құйған кезде абай болған жөн, себебі, манекеннің ішкі құрылысына зақым келуі мүмкін.

ü  Манипуляциялар өткізу кезіндегі мед.жабдықтарды қолданарда сақ болу қажет, себебі манекен тұтастығына зақым келтірілуі мүмкін. 

ü  Манекенде қаламсаптың, сияның және маркердің іздерін қалдыруға тиым салынады.

ü  Тренажер мен манекендерге арналған сұйықтық ретінде йод немесе т.б. ұқсас сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

ü  Кез келген инвазиялық құрылғы енгізген кезде су негізіндегі силиконды спрей қолданылады.

Сабақ өткізілгеннен кейін

ü  Тренажердан барлық сұйықтықты абайлап шығару қажет.

ü  Студент өзінің жұмыс орнын тазалап, тренажер немесе манекеннің тұтастығын тексеруге міндетті.

Оқу құралдарын және медициналық жабдықтарды

бұзбауды және оларға ұқыпты қарауды өтінеміз

Осы ережелерді бір рет бұзған жағдайда СББТО директоры студенттен ереженің бұзылу себептері туралы жазбаша түсініктеме сұратуға және бұл туралы оқытушыға, кафедра меңгерушісіне және университет әкімшілігіне хабарлауға құқылы. Ережені жүйелі түрде бұзған жағдайда университет әкімшілігі студенттерге тәртіптік жаза туралы мәселені көтереді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Құрметті студенттер! Бейнебақылау жургізілуде!

Мекен-жайы:

 Қарағанды қаласы

 Алалыкин көшесі 7 үй

Байланыс телефоны:

 56-41-81 (ішкі1315)

*e-mail: Kemelova@kgmu.kz