Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Оқытушыларға арналған ақпарат

Оқытушыларға арналған ақпарат

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА

САБАҚ ӨТКІЗУ БОЙЫНША КАФЕДРА  ОҚЫТУШЫЛАРЫНА  ЖӘНЕ СББТО ЖАТТЫКТЫРУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

ЖАДЫНАМА

1. Жалпы ережелер

1.1   СББТО-да тәжірибелік сабақтарды өткізу кестесі кафедралардан тағайындалған және СББТО бойынша жауапты тұлғалардан, сабақ басталғанға дейін 1 ай бұрын (http://portal.kgmu.kz/) порталында көрсетіледі.

1.2   Жоспарланған сабақтан 1 күн бұрын  жаттықтырушының көмекшілері оқу жабдықтарын үлгілік талаптар бойынша электронды пошта арқылы хабарландырады.

1.3   Практикалық сабаққа арналған манекендер саны қажеттілікке сай болуы қажет, есеппен 3-4 студентке 1 тренажер.

1.4   Практикалық сабақты ОСӨЖ түрінде өткізу жоспарланған кезде екі топ бірге болған жағдайда:

Топтарды бөлмелер бойынша бөліп, бейнебақылауды қолдану (бір топта практикалық дағдыны көрсету, екінші топта көрсетілімді бақылау)

1.5  Көрсетілімнің бейнежазбасын жасау және оны сабақта қолдану.

1.6  Электронды оқулықтар пайдалану немесе алдын ала дайындалған әдістемелік материалды қолдану.

1.7  Екі топты бір оқыту бөлмесінде біріктіріп оқытуға тиім салынған.

1.8   Студенттердің практикалық дағдыны максималды уақыт (80 пайыз) меңгеруге жұмсалады.

Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы туралы

ережесіне  2 қосымша

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА

САБАҚ ӨТКІЗУ БОЙЫНША КАФЕДРА  ОҚЫТУШЫЛАРЫНА  ЖӘНЕ СББТО ЖАТТЫКТЫРУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

ЖАДЫНАМА

1.  Жалпы ережелер

1.1  СББТО-да тәжірибелік сабақтарды өткізу кестесі кафедралардан тағайындалған СББТО бойынша жауапты тұлғалардан, сабақ басталғанға дейін 1 ай бұрын ҚММУ порталындағы (http://portal.kgmu.kz/) – «Білім беру/Симуляциялық және білім беру орталығы» бөліміндегі күнтізбені толтыру арқылы беріледі. Порталды қолдану мүмкін емес болған жағдайда, электронды нұсқа сабақ кестесін жасауға жауапты тіркеуші – инспектордың электрондық мекен-жайына жіберілуі міндетті. СББТО сабақ кестесі алынғаннан кейін,  бір апта ішінде оның бос оқу кабинеттері мен бос жабдықтарға қарай мүмкіндігі тексереді, кафедрадан СББТО бойынша жауапты тұлғаға сабақ кестесін өзгерту қажеттілігі туралы ескертеді.

1.2  Жаттықтырушының көмекшілері оқу жабдықтарын үлгілік талаптар бойынша және де сабақ кестесіне сүйеніп береді. Үлгілік талаптарға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, кафедра оқытушысы/СББТО жаттыктырушысы сабақ кестесін жасауға жауапты СББТО тіркеуші – инспекторының электронды поштасы арқылы, жоспарланған сабақтан 1 күн бұрын  хабарландырады.

1.3  Талаптарды қанағаттандыру мүмкін емес кезде (жабдықтың бұзылуы немесе оның қол жетпестігі) тіркеуші-инспектор жаңа талапты ұсыну немесе сабақ жоспарын түзету қажеттілігі туралы кафедра оқытушысын/СББТО жаттықтырушысын сабаққа дейін кем дегенде 3 күн қалғанда хабардар етеді.

1.4  Практикалық сабаққа арналған манекендер саны қажеттілікке сай болуы қажет, есеппен 3-4 студентке 1 тренажер.

1.5  Практикалық сабақты ОСӨЖ түрінде өткізу жоспарланған жағдайда қажет:

-  топтарды бөлмелер бойынша бөліп, бейнебақылау қолдану (бір топта практикалық дағдыны көрсету, екінші топта көрсетілімді бақылау);

-  көрсетілімнің бейнежазбасын жасау және оны сабақта қолдану;

-  электронды оқулықтар пайдалану немесе алдын ала дайындалған әдістемелік материалды қолдану;

-  екі топты бір оқыту бөлмесінде біріктіріп оқытуға тиім салынған.

1.6  Максималды уақыт саны студенттердің әдістемелік дағдыларды орындауына бөлінеді. Дағдыны меңгеру немесе клиникалық сценарийді орындау аяқталғанда, студенттердің дағдыларды орындау үдерісінің бейнежазбасын көрсету арқылы дебрифинг өткізіледі, анықталған кемшіліктер талқыланады, қорытынды бағалар қойылады және СББТО-дағы әрі қарай өздік жұмыстарына арналған тақырыптар анықталады.  Егер сабақ ОСӨЖ түрінде өткізілгенде және бір оқытушыға 2 топ болған жағдайда дебрифинг өткізу кезінде студенттердің екі тобын біріктіруге рұқсат беріледі.

1.7  Кафедра оқытушылары/СББТО жаттыктырушысы сабақта қолданылатын жабдықтарда жұмыс істеу бойынша оқытылған болуы қажет және жабдыққа қатысты нұсқамен қол қоя отырып таныстырылуы қажет.

2.  Оқытушының СББТО-да сабаққа дайындалуы бойынша

жадынама

2.1  Кафедра оқытушысы/ СББТО жаттықтырушысы СББТО-на сабақтың басталуына дейін 15-20 минут бұрын келуі қажет.

2.2  Кафедра оқытушысы/ СББТО жаттыктырушысы халат (бейдж) пен екінші аяқ киім киюге міндетті.

2.3  Тәжірибелік сабақтар кезінде, талаптарда көрсетілген құрал-жабдықтар мен медициналық инвентарь үшін материалдық жауапкершілік  кафедра оқытушысы/ СББТО жаттыктырушысының мойнына жүктеледі.  Сабақтың басталуы алдында оқытушы манекен немесе жабдықтың дұрыстығын тексеруге міндетті.

2.4  СББТО-дағы практикалық сабақтардың оқу журналын сабақтың алдында тіркеуші-инспектор береді.

2.5  Студенттердің екінші аяқ киімі, халаты және қалпағы болуын тексеру қажет. Болмаған жағдайда студент сабаққа жіберілмейді.

2.6  Сабақ кезінде кафедра оқытушысы/ СББТО жаттықтырушысы топпен бірге оқу кабинетінде болуы тиіс немесе дағдыларды меңгеру үдерісін бейнебақылау жүйесі арқылы бақылауы қажет.

2.7  Тіркеу бөлімінде алдын ала жазылу арқылы, студенттердің өзіндік жұмысы кезінде тәжірибелік дағдыларды меңгеру жұмысы кафедра оқытушыларының жасаған әдістемелік ұсыныстары бойынша өткізіледі.

2.8  Топ үзіліске тек СББТО-дағы үзіліс графигіне сәйкес уақытта жіберіледі. Сабақтарды СББТО-дағы тәжірибелі сабақтардың ұзақтығына сәйкес уақытта аяқтау қажет.

2.9  Сабақ аяқталғаннан кейін, құрал-жабдықтар мен медициналық инвентарьдің дұрыстығын тексеру қажет. Ақаулықтар анықталған кезде, дереу СББТО әкімшілігіне хабарланады.

2.10  Кафедра оқытушысы/ СББТО жаттықтырушысы оқу бөлмесін, оқу құрал-жабдығы мен медициналық инвентарьдың дұрыстығын тексеретін жаттықтырушының көмекшісіне тапсыруы қажет, құрал-жабдықтардың кемшілігі немесе жоғалғаны талаптарда белгіленеді.

2.11  Кафедра оқытушысы/ СББТО жаттықтырушысы тәжірибелік сабақтардың толтырылған оқу журналын СББТО тіркеуші-инспекторына тапсыруы қажет..

3.Практикалық дағдыны меңгеру бойынша сабақтар өткізу

3.1  Практикалық сабақ мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруден, мамандық бойынша білім беру бағдарламалары комитетімен бекітілген әдістемелік материалды ұсынудан және студенттердің орындайтын дағдыларының жоспарын түсіндіруден тұрады.

3.2  Кафедра оқытушысы/ СББТО жаттықтырушысы практикалық дағдыны меңгеру мақсатында студенттердің теориялық дайындығының деңгейін бағалау қажет (15 минуттан артық емес).  Материалдық теориялық тұрғыдан мұқият талдау кафедрада немесе алдын ала дайындалған әдістемелік нұсқаулар бойынша студенттердің өздік жұмысы кезінде өткізілуі қажет. Студенттің сабаққа белсенді қатысуына кедергі болатын теориялық білімінің жоқтығы кезінде, кафедра оқытушысы/ СББТО жаттыктырушысы ол студентті сабақта болмаған деп есептеуге және бұл сабақты кейін өтеуге мүмкіндік беруге құқылы

3.3  Кафедра оқытушы/ СББТО жаттыктырушы практикалық дағдылардың орындалуын қажетті медициналық жабдықтарды қолдану арқылы манекендерде көрсетеді. Бейнежазбалар немесе электронды оқулықтар қолданыла алады. Сабақ кезінде барлық студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысуы тиіс.

3.4  Сабақ барысында, манипуляцияның техникасы көрсетілгеннен кейін, студент кафедра оқытушының/ СББТО жаттыктырушының бақылауымен манкендер/муляждарда тренинг бастауы қажет. Оқытушы кабинеттен кабинетке жүріп, топтардың жұмысын бақылайды, немесе бейне бақылауды пайдаланады. Жаттықтырушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда бірнеше дағдыларды ротациялауға болады (егер олар бір сабақта оқытылатын болса)

3.5  Клиникалық сценарий жүргізген кезде кафедра оқытушы/ СББТО жаттықтырушы топты екі топқа бөле алады, осы кезде бір топша клиникалық сценарийді орындайды, екіншісі бағалайды және керісінше. екінші топша бейне бақылау кабинетінде қалуы мүмкін.

3.6  Клиникалық сценарийді орындаған соң, дебрифинг орындалады. Ол студенттердің дағдыларды орындау бейнежазбасын орындай отырып іске асырылады, онда кемшіліктері мен жетістіктері талқыланады. Бейнежазбамен сабақтар өткізген кезде бұл туралы оқу жабдықтарына қызмет көрсету бойынша инженердің алдын ала ақпараттандыруы керек.

Материалды бекіту СББТО алдын ала жазылған кезде студенттердің жеке жұмысы барысында жүзеге асырылады.

1.8  Орындалған дағды үшін баға сабақтың барысында немесе студенттің өздік жұмысының бейнежазбасын бағалаудан кейін қойылуы мүмкін.

Ескерту: сабақты өткізу тәртібі нақты бір сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін. 

Кафедра оқытушыларының/ СББТО жаттықтырушыларының назарына!

СББТО-да бейнежазба жүргізіледі. Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда, СББТО әкімшілігі түсініктеме талап етіп, тиісті шаралар қолдану мақсатында кафедра  СББТО меңгерушісі немесе оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректордың атына баяндама хат жазуға құқығы бар.