Хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Нургалиева Асель Сериковнаның 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін дайындалған «Бүйректің созылмалы ауруының молекулярлық-жасушалық предикторлары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің биологиялық химия кафедрасы жанындағы ғылыми-биохимиялық зертханада жасалған.
Қорғау тілі: орыс.
Рецензенттер:
Әлиханова Қарлығаш Әнгелбайқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды Мемлекеттiк Медицина Университетінің №3 жалпы дәрігерлік тәжірибе және мейірбикелік іс кафедрасы меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 14.00.05;
Шаймарданова Галия Масугутовна – медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ патоморфология бөлімінің жетекшісі, Астана қ., Қазақстан Республикасы. Мамандығы: 14.00.15; 14.00.16.
ҚММУ Диссертациялық Кеңесіне арналған құжаттар тізімі
Ғылыми кеңесшілер:
Молотов—Лучанский Вилен Борисович – м.ғ.д., профессор, Қарағанды Мемлекеттiк Медицина Университетінің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Муравлева Лариса Евгеньевна – б.ғ.д., профессор, Қарағанды Мемлекеттiк Медицина Университетінің Биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Вайва Хэндриксон – Вильнюс университетінің (Вильнюс қ., Литва) ассоциирленген профессоры, медициналық ғылымдардың PhD докторы.
Қорғау 2016 жылдың 21 желтоқсан айында сағат 09.00.-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде диссертациялық кеңесінде өткізіледі. Мекен-жайы: 100008, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40, 2 қабат, Ғылыми кеңес залы.