Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

7R01126 Терапия

Білім беру саласы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

Дайындау бағыты

7R011 Денсаулық сақтау

Білім беру бағдарламасының тобы

R039

Білім беру бағдарламасы

7R01126Терапия

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілеті жоғары білікті терапевт-дәрігерді дайындау, өмір бойы медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, халықтың денсаулығын нығайту

Түлектің құзыреттілігі

Клиникалық дағдылар: денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен халық үшін іргелі маңызы бар базалық биомедицина ғылымдары саласындағы белгіленген және жаңа ғылыми қағидаттарды қолдану.

Коммуникация: пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен,  тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды көрсету.

Кәсіпқойлық: кәсіби міндеттерді орындауға, этикалық қағидаттарды сақтауға бейілділігін көрсету және медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану.

Нормативтік-құқықтық білім: денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздері аясында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және көрсету және оларды оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өзінің практикалық қызметінде басшылыққа алу.

Зерттеулер: өз пациенттерін емдеу нәтижелерін зерттеуге және бағалауға, ғылыми деректерге негізделген емдеу қағидаттарын бағалауға және енгізуге қабілетті.

Жеке және кәсіби даму: тұрақты жеке және кәсіби өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті қасиеттерді көрсету, үздіксіз өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде пациенттерді күтіп-бағуды үнемі жетілдіруді көрсету.

ББ түрі

Қазіргі ББ

БҰЖ деңгейі

7

БСЖ деңгейі

7

Айрықша ерекшеліктері

Модульдік технологияны қолданатын білім беру бағдарламасы

Академиялық ұсынылған дәрежесі

Дәрігер-терапевт

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредит көлемі

140

Оқыту тілі

Қазақша, орысша

Мамандарды дайындау бағыттары бойынша лицензия қосымшасының жетімділігі

7R091 Денсаулық сақтау бағыты бойынша, 2019 ж. 6 мамыр KZ32LAA00016018 лицензиясы

Аккредитацияның болуы

-

Маман қызметінің тізімі

Дәрігер-терапевт

Кәсіби қызмет саласы

-  денсаулық сақтау басқармасының ұйымдары;

-  денсаулық сақтау ұйымдары;

-  білім беру ұйымдары;

-  ғылым ұйымдары;

-  әлеуметтік қорғау ұйымдары.

Кәсіби қызмет нысаны

Ересектер