Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студентке
2022-2023 оқу жылына арналған «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ жатақханасынан орын алуға өтініш беру бойынша қысқаша нұсқаулық

2022-2023 оқу жылына арналған

«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ЖАТАҚХАНАСЫНАН ОРЫН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ БОЙЫНША

ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

(талапкер үшін)

Қадам 1. ТІРКЕУ

Егер Сіз құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған болсаңыз, онда Сізге Platonus-қа «Талапкер» ретінде https://platon.qmu.edu.kz - тіркелуіңіз керек. Егер Сіз құжаттарды енді тапсырсаңыз, қабылдау комиссиясындағы маманға хабарласу керек.

Қадам 2. ӨТІНІШ БЕРУ

Сіз Platonus-та тіркелгеннен кейін, Сізге «Жатақхана» модулін таңдау қажет.

Қадам 3. ДЕРЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ

Ашылған өтініш формасында Сіз барлық қажетті деректерді енгізуіңіз керек. Сонымен қатар, егер Сіз жеңілдік санатына жататын болсаңыз, онда растайтын құжатты тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАР:

Талапкерлерден өтініш беру мерзімі: 15-25 тамыз аралығында.

Жатақханаға орналасу мерзімі: 27 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.

Platonus-та өз өтінішіңізді тексеріп қадағалаңыз.

Барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына немесе «Admission» телеграмм-арнасына хабарласа аласыздар.

b154cec6d36f30b5436ff485bf0cc5dc

2022-2023 оқу жылына арналған

«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ЖАТАҚХАНАСЫНАН ОРЫН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ БОЙЫНША

ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

 (жоғары курс студенттері үшін)

Қадам 1. ТІРКЕУ

Сіз өзіңіздің логиніңіз бойынша Platonus-қа кіруіңіз керек.

Қадам 2. ӨТІНІШ БЕРУ

Сіз Platonus-қа кіргеннен кейін, Сізге «Жатақхана» модулін таңдау қажет.

Қадам 3. ДЕРЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ

Ашылған өтініш формасында Сіз барлық қажетті деректерді енгізуіңіз керек. Сонымен қатар, егер Сіз жеңілдік санатына жататын болсаңыз, онда растайтын құжатты тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАР:

Студенттердің, магистранттардың, резиденттердің, докторанттардың өтініш беру мерзімі: 20-26 тамыз аралығында.

Жеңілдік санатына жататын студенттердің өтініштері қабылданады:

10-15 тамыз аралығында.

Жатақханаға орналасу мерзімі: 29 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.

Platonus-та өз өтінішіңізді тексеріп қадағалаңыз.

Барлық сұрақтар бойынша өз мектебіңіздің маманына немесе «MUK Insider» телеграмм-арнасына хабарласа аласыз. 

212e8cba8d135a2e58d788c235af0b9c

2022-2023 оқу жылына арналған

«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ЖАТАҚХАНАСЫНАН ОРЫН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ БОЙЫНША

ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

 (ТжКБ (колледж) деңгейіндегі студенттер үшін, оның ішінде талапкерлер үшін)

Қадам 1. ӨТІНІШ БЕРУ

Сізге қағаз нұсқасында университет жатақханасынан орын бөлу туралы Басқарма Төрағасы - Ректордың атына өтініш толтыру қажет.

Қадам 2. ӨТІНІШТІ ЖІБЕРУ

Сіз өтініш жазғаннан кейін оны сканерлеп, растайтын құжаттармен бірге Өмірзаққызы Айгүл Omirzakkyzy@qmu.kzпоштасына жолдау қажет.

Қадам 3. ШЕШІМ

Мейіргерлік білім беру мектебінің деканаты барлық алынған өтініштерді Комиссияның қарауына ұсынады. Орындарды бөлу нәтижелері Сіз өтініш жіберген поштаға жіберіледі.

НАЗАР АУДАР:

ТжКБ (колледж) деңгейіндегі студенттерден, оның ішінде талапкерлерден өтініш беру мерзімі: 1-15 тамыз аралығында.

Жатақханаға орналасу мерзімі: 27 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.

Орналасуға жолдама алу үшін өз поштаңызды тексеріп қадағалаңыз.

Барлық сұрақтар бойынша Мейіргерлік білім беру мектебіне немесе тікелей Өмірзаққызы Айгүл Omirzakkyzy@qmu.kz поштасы арқылы хабарласуға болады.

3102ae2bc6cd3b474958b528105196f1