Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор - Ибраев Серік Ескендірұлы

cad502229c87546a6c5d8d83a40c0af5

 «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Ибраев Серік Ескендірұлы, 1949 ж. дүниеге келген. 1972 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірген. М.ғ.д., профессор,  Ресей медициналық-техникалық ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академик). 

Еңбек жолы:

·  Көкшетау облыстық ауруханасының интерн-дәрігері(1973-1974);

·  Володаровка а. ОАА хирург-дәрігері (1973-1974);

·  Зеренді а., ОАА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі (1974-1980);

·  Зеренді а. ОАА-ның бас дәрігері. 1980-1992жж. 

·  Көкшетау қ., Көкшетау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, 1992-1997жж. 

·  Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы (1997-1999); 

·  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігі төрағасының 1-ші орынбасары, ҚРМОКСЗДенсаулық сақтау комитетінің 1-ші орынбасары (1999-2000);

·  Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры (2002-2000);

·  Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы бастығының орынбасары (2002-2006);

·  Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының бастығы, ҚР ПІБ ауруханасының бас дәрігері (2006-2008);

·  Ұлттық медициналық холдингтің «Республикалық диагностикалық орталығы»  РМК директоры (2008);

·  «Астана медицина университеті» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры, «Мейірім» көпсалалы МО бас дәрігері (2009);

·  2011 жылы «ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» болып қайта ұйымдастырылған ҚР ДСМ «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» РМК бас директорының бірінші орынбасары (2010-2012);

·  НУ ҰМХ «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; ҚР ДСМ АМУ АҚ менеджмент және маркетинг кафедрасының профессоры (2013ж. бастап);

·  ҚР ДСМ «Астана медицина университеті» АҚ Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасының профессоры; «Аланда» клиникасының директоры;  ҚР ДСМ СБК мүшесі; Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі; «ZdravAtameken» қауымдастығының президенті (2015 ж. бастап).

Ғылыми жұмыстары:

·  300-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 14 әдістемелік ұсыныс, 2 оқу-әдістемелік құрал және 4 ұсыныс;

·  Оның ғылыми жетекшілігімен қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша 5 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. Бірқатар магистрлік (7) және докторлық (phD-6) диссертациялардың ғылыми жетекшісі болып табылады.