Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз директор - Нұрлыбаев Ержан Шакирович

53ee738562e03ca3c3907640a4410f33

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз директор

Нұрлыбаев Ержан Шакирович, 1975 жылы туған. 1998 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік академиясын бітірді, дипломы бойынша дәрігер. 2005 ж. – ғылыми дәрежесі «Медицина ғылымдарының кандидаты»; 2011 ж. – «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, дипломы бойынша менеджмент бакалавры; 2017 ж. - «Қоғамдық денсаулық сақтау»мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты.

Еңбек жолы:

·  Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының клиникалық ординатурасы (1998-2000);

·  Қарағанды қ. № 1 көпсалалы клиникалық ауруханасының хирург-дәрігері (2000-2005);

·  Қарағанды қ. № 1 көпсалалы клиникалық ауруханасының емдеу жұмыстары жөніндегі директор орынбасары;

·  «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ бас маманы – хирург (2007-2008);

·  «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы (2008-2010);

·  Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының директоры (2010-2014);

·  «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы (2014-2021);

·  «Облыстық клиникалық аурухана»КМК директоры 15.03.2021ж. бастапқазіргі уақытқа дейін.

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар:

·  «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»;

·  «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін;

·  «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»;

·  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай», 2016;

·  «Ерең еңбегі үшін», 2019;

·  «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша».