Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ғылым
Диссертациялық кеңес
Диссертациялар (2021 жыл)

Диссертациялар (2021 жыл)

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша Жанар Рахимқызы Шаймерденованың философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Тықыр жусан терпеноидтары негізіндегі жаңа дәрілік заттар және оларды өндіру технологиясы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғауы өтеді.

Хабарландыру

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі PhD докторы Д.А. Бериллоның шетелдік іссапарға кетуіне, сондай-ақ диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі фармацевтика ғылымдарының кандидаты Ф.М. Смағұлованың еңбек демалысында болуына байланысты Жанар Рахимқызы Шаймерденованың 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Тықыр жусан терпеноидтары негізіндегі жаңа дәрілік заттар және оларды өндіру технологиясы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы 2021 жылғы 20 қазаннан 2021 жылғы 24 қарашаға ауыстырылады.

Диссертацияны қорғау2021 жылғы 24 қарашада сағат 14.00-де ҚМУ КеАҚ жанындағы 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте онлайн-форматта Cisco Webex платформасында өтеді (идентификаторы 2517 634 9113, паролі My3w6RVVZE3).