Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Резидентура
Білім беру бағдарламалары
7R01109 – Клиникалық фармакология

Білім беру бағдарламасы 7R01109 Клиникалық фармакология


Білім облысы

7R01Денсаулық сақтау (медицина) 

Дайындық бағыты

7R011 Денсаулық сақтау

Білім беру бағдарламаларының тобы

R042

Білім беру бағдарламасы

7R01109 Клиникалық фармакология

ББ миссиясы

Дәлелді медицина принциптеріне негізделген медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға қабілетті клиникалық фармакология саласында терең білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындау және қоғамның ұсынылатын медициналық қызметтер мен емдеу нәтижелерін жоғары сапада қажеттілігін қанағаттандыру

Бітірушінің құзыреті

Клиникалық дағдылар: Тиісті және тиімді іс-шараларды қамтитын, ауруларды емдеуге және алдын алуға бағытталған дәлелді медицина тұрғысынан тиімді науқас- орталықтанған күтімді қамтамасыз ету.

Коммуникациялар: Науқастармен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды көрсету

Кәсіпқойлық: Кәсіби міндеттерді орындауға, этикалық қағидаттарды сақтауға бейілділігін көрсету және медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану.

Нормативтік-құқықтық білім: Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздерінің шеңберінде өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін оларды өзінің тәжірибелік қызметінде басшылыққа алу.

Зерттеу: Өз науқастарын емдеу нәтижелерін зерттеуге және бағалауға, ғылыми деректерге негізделген емдеу принциптерін бағалауға және енгізуге қабілетті.

Тұлғалық және кәсіби дамуы: Үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау, тұрақты өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде науқастарды күтуді үнемі жақсарту үшін қажетті сапаны көрсету.

Білім беру бағдарламасының түрі

Жаңа ББ

ҰБШ бойынша деңгей

7

СБШ бойынша деңгей

7

Ажырату ерекшеліктері

Құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған оқытудың модульдік технологиясы

Берілетін академиялық дәреже

дәрігер- клиникалық фармаколог

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредиттер көлемі

140

Оқыту тілі

Қазақ тілі, орыс тілі

Кадрларды даярлау бағытына арналған лицензияға қосымшаның болуы

2019 жылдың 06 мамырынан KZ32LAA00016018 – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша, шифры 7R091. Кадрларды даярлау бағытының атауы – Денсаулық сақтау (медицина)

Аккредиттеудің болуы

жоқ

Маман лауазымдарының тізбесі

дәрігер- клиникалық фармаколог

Кәсіби қызмет саласы

Денсаулық сақтауды басқару ұйымдары; денсаулық сақтау ұйымдары; білім беру ұйымдары; ғылым ұйымдары; әлеуметтік қорғау ұйымдары

Кәсіби қызмет объектісі

Ересек және балалар