Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Резидентура
Білім беру бағдарламалары
7R01103 Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың

Білім беру бағдарламасы 7R01103 Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың


Білім беру саласы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

Даярлау бағыты

7R011 Денсаулық сақтау

Білім беру бағдарламасының тобы

R003

Білім беру бағдарламасы

7R01103Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың

ББ миссиясы

Дәлелді медицинаның заманауи қағидаттарына сәйкес аллергиялық аурумен және иммундық жүйенің патологиясымен науқасқа көмек көрсете алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Түлектің құзыреттілігі

Клиникалық дағдылар: ауруларды емдеу және алдын алу үшін тиісті және тиімді араласуды қамтитын дәлелді медицина негізінде пациентке бағдарланған тиімді көмекті қамтамасыз ету.

Коммуникация: пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды көрсету.

Кәсіпқойлық: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіби міндеттерді ұстануды, этикалық қағидаттарды сақтауды және озық тәжірибені пайдалануды көрсету.

Нормативтік-құқықтық білім: денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздері аясында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және көрсету және оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін оларды практикалық қызметінде басшылыққа алу.

Зерттеулер: денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен халық үшін іргелі маңызы бар базалық биомедициналық ғылымдар саласындағы белгіленген және жаңа ғылыми қағидаттарды қолдану.

Жеке және кәсіби даму: үздіксіз тұлғалық және кәсіби дамуды қолдау, тұрақты өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде пациенттерге күтімді тұрақты жақсарту үшін қажетті қасиеттерді көрсету.

ББ түрі

Қазіргі ББ

БҰЖ деңгейі

7

БСЖ деңгейі

7

Айрықша ерекшеліктері

Академиялық ұсынылған дәрежесі

«Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың»мамандығы бойынша дәрігер

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредит көлемі

140

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Мамандарды даярлау бағыттары бойынша лицензия қосымшасының болуыі

KZ32LAA00016018

Аккредитацияның болуы

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, тіркеу номері: № АВ 1786, ББ аккредитациясының жарамдылық мерзімі: 14.06.2018 - 13.06.2023

Маман дауазымдарының тізімі

Аллерголог-иммунолог дәрігері (ересек, балалар)

Кәсіби қызмет саласы

- денсаулық сақтауды басқару ұйымдары;

- денсаулық сақтау ұйымдары;

- білім беру ұйымдары;

- ғылыми мекемелер

Кәсіби қызмет нысаны

Ересектер мен балалар