Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Резидентура
Құжаттар тізімі

Құжаттар тізімі

1. Резидентураға жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.

2. Күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында қабылдау комиссиясы қабылдау емтиханына қатысу үшін резидентураға түсетін құжаттарды қабылдайды:

1) «ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының атына өтініш (1-қосымша) (өтініште резидентураның бір білім беру бағдарламасы көрсетіледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);

3)үш тілде қосымшалары бар жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);

4) интернатураны бітіргені туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

5) шетелде медициналық білім алған адамдар өздерінің білімін тану және (немесе) «дәрігер» біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады.

6) денсаулық сақтау саласындағы маманның (дәрігердің) сертификаты (түпнұсқа және 2 көшірме);

7) неке қию туралы куәлік (бар болса) (түпнұсқасы және көшірмесі);

8) өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет;

9) «Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 31) тармақшасына сәйкес бекітілген 075-нысан бойынша Медициналық анықтама;

10) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін, нотариуспен куәландырған көшірмесі);

11) ғылыми жетістіктері бар портфолио (бар болса);

12) үміткердің толтырылған жеке карточкасы (2-қосымша);

13) 1 қағаз байланыстырғыш (картон), 1 конверт (22х11 см), файл (2 дана).

2), 5) және 6) тармақшаларда санамаланған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады – түсушінің қатысуымен жүргізілген салыстырып тексеруден кейін құжаттың түпнұсқасы үміткерге қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесі ұсынылған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.