Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

7M05104 – Биоинженерия

Білім беру аумағы

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика.

Жаратылыстану ғылымдары, биоинформатика және биостатистика

Дайындық бағыты

7М051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

М080 Биология

ББ мақсаты

Биоинженерия

Түлек компетенциясы

ØҒылымның тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру, сондай-ақ педагогиканың, психологияның заманауи әдістері мен технологияларын қолдану және шет тілін еркін меңгеру қабілеті.

ØБиология, медицина және техникаға қатысты жаратылыстану ғылымдарының қиылысында іргелі білім мен практикалық дағдыларды қазіргі дамып келе жатқан әлемде кәсіби пәнаралық міндеттерді біріктіру үшін пайдалану мүмкіндігі.

ØАдам ауруларын диагностикалау саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін іргелі биомедициналық пәндер саласында алынған білім мен дағдыларды қолдану қабілеті.

ØКәсіби қызметте қойылған міндеттерді орындау үшін жасушалық және тіндік инженерлік технологиялар саласында қазіргі заманғы эксперименттік әдістерді пайдалануда теориялық білімді, дағдыларды қолдану қабілеті.

ØБиоинженерия саласындағы мәселелерді шешу үшін молекулаларды жобалау және биомолекулалық өзара әрекеттесуді модельдеу үшін есептеу құралдарын қолдану мүмкіндігі.

ØҒылыми жобаларды жазу, зерттеудің ғылыми нәтижелерін өңдеу, патенттік өтінімдерді ресімдеу, кәсіби қызметте қойылған міндеттерді орындау үшін ғылыми мақалаларды жариялау кезінде Авторлық құқық, биоэтика және биостатистика саласындағы білімді пайдалану қабілеті.

ББ түрі (қолданыстағы, жаңа, инновациялық)

Инновациялық

ҰБШ бойынша деңгей

7

СБШ бойынша деңгей

7

Айрықша ерекшеліктері

жоқ

Берілетін академиялық дәреже

магистр

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредиттер көлемі

120

Оқыту тілі

Қазақ, орыс тілі

Кадрларды даярлау бағыттарына арналған лицензияға қосымшаның болуы

-

Аккредиттеудің болуы

-

Маман лауазымдарының тізбесі

биомедициналық бағыттағы диагностикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдардағы ғылыми қызметкер және басқарушы менеджер, биоинженер, биоинженер-зертханашы, биоинженер-зерттеуші; оқу орындарының оқытушысы

Кәсіби қызмет саласы

биомедициналық бағыттағы диагностикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдар, оқу орындары

Кәсіби қызмет объектісі

жасушалық жүйелер мен жасуша дақылдары, ұлпалар, микроорганизмдер, вирустар, олар үшін қоректік орталар, геномдар мен тірі организмдердің макромолекулалары, биологиялық белсенді химиялық қосылыстар, тірі организмдер; бірегей кешендер мен медициналық технологиялар, олар үшін биопринтерлер және биоматериалдар, биопроцестер жүргізуге арналған қондырғылар мен жабдықтар, сонымен қатар биомедициналық зерттеулердің әр түрлі салаларында зерттеу әдістері