Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Магистратура
Білім беру бағдарламалары
7М10119– Қоғамдық денсаулық сақтау

7М10119 – Қоғамдық денсаулық сақтау

Білім облысы

7М10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

Дайындық бағыты

7М101 Денсаулық сақтау

Білім беру бағдарламаларының тобы

М140 Қоғамдық денсаулық сақтау

ББ мақсаты

Зерттеу жүргізуге және жергілікті жерлерде қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларында, жеке және мемлекеттік мекемелерде және басқа да мекемелерде жұмыс істеуге қабілетті магистранттарды даярлау

Түлектің құзыреті

Базалық құзыреттер:

- шет тілін іскерлік және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдалану мүмкіндігі;

- биомедициналық зерттеулерде және қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуде этикалық қағидаттарды қолдану қабілеті;

- қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды зерттеудің, талдаудың және шешудің негізгі әдістерін қолдану қабілеті.

Кәсіби құзыреттер:

- қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу мәселелерін тиімді шешу үшін халықтың өмір сүру ортасы факторлары мен денсаулығы арасындағы өзара байланысты анықтау қабілеті;

- денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық детерминанттарын айқындай отырып, халық денсаулығын мониторингтеу мен бағалауды жүзеге асыру қабілеті;

- қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешу үшін медициналық көмек көрсетудің құрылымы, процесі және нәтижелері туралы білімді қолдану қабілеті;

- денсаулықты сақтау және ілгерілету, аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу қабілеті;

- міндеттерді тиімді шешу үшін жоғары мектепте білім беру қызметінің нысандары мен әдістерін қолдану қабілеті.

ББ түрі (қолданыстағы, жаңа, инновациялық)

ҰБШ бойынша деңгей

7

СБШ бойынша деңгей

7

Айрықша ерекшеліктері

жоқ

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредиттер көлемі

120

Оқыту тілі

Қазақша, орысша

Кадрларды даярлау бағыттарына арналған лицензияға қосымшаның болуы

KZ32LAA00016018

Аккредиттеудің болуы

AB2582,НААР,14.06.2019-13.06.2024

Маман лауазымдарының тізбесі

-ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;

- ЖОО оқытушысы;

- тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің маманы;

- эпидемиолог;

- Денсаулық сақтау менеджері;

- Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

- санитарлық-гигиеналық, бактериологиялық және токсикологиялық зертхана маманы

Кәсіби қызмет саласы

Денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қорғау

Кәсіби қызмет объектісі

Медициналық жоғары оқу орындары, колледждер, денсаулық сақтауды басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері мен кәсіпорындары