Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Магистратура
Білім беру бағдарламалары
7М07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

7М07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

 

·  Білім беру саласы

7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

·  Даярлау бағыты

7M072 Өндірістік және өңдеу салалары

·  Білім беру бағдарламасының тобы

Фармацевтикалықөндіріс технологиясы 

·  Білім беру бағдарламасы

7M07201 Фармацевтикалықөндіріс технологиясы 

·  ББ мақсаты

Фармацевтикалық өндіріс, ғылыми-зерттеу және білім беру саласында халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды, сондай-ақ жалпы және кәсіби мәдениеті жоғары, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік бейімделуге қабілетті кәсіби менеджерлерді даярлау

·  Түлектің құзыреттілігі

·  дәрілік заттар туралы ілім негіздерін, оларды өндірудің заманауи технологияларын білуді, оларды жүйелі түрде бағалауды, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру салдарын болжай білу қабілетін көрсетеді.

·  фармацевтикалық өндіріс технологиясының заманауи мәселелерін түсінеді және кәсіптік қызмет саласында техникалық, инженерлік, жаратылыстану және экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі білімдерді қолданады

·  фармацевтикалық өндіріс технологиясының тарихы, әдістемесі, техникасы туралы білімдерін көрсетеді, жалпы кәсіби және іргелі дайындықты кеңейтеді

·  ауызша немесе жазбаша түрде кәсіби пікірсайыстарға қатысады, зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми журналдарда жариялайды

·  кәсіби қызметтің ғылыми-өндірістік және технологиялық мәселелерін шешу, өндірістік ақпаратты жинау және талдау үшін заманауи компьютерлік технологияларды дербес қолданады

·  көптеген контекстегі факторлармен байланысты проблемаларды шешуді талап ететін жаңа контекстегі еңбек және білім беру қызметіндегі көшбасшылық қасиеттерді, жаңашылдық пен тәуелсіздікті көрсетеді.

·  бекітілген формаларға сәйкес ғылыми-өндірістік және технологиялық жұмыстардың нәтижелерін кәсіби дайындайды, ұсынады және есеп береді

·  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде сабақ беру тәжірибесін, өзін-өзі бағалау дағдыларын және өмір бойы білім алуға деген ұмтылысты көрсетеді.

·  ББ түрі

Ағымды  ББ;

·  БҰЖ деңгейі

7

·  БСЖ деңгейі

7

·  Айрықша ерекшеліктері

Жоқ

·  Берілетін ғылыми дәрежесі

Техника ғылымдарының магистрі

·  Оқу мерзімі

2жыл

·  Кредит көлемі

240

·  Оқыту тілі

Қазақша, орысша, ағылшынша

·  Мамандарды дайындау бағыттары бойынша лицензия қосымшасының жетімділігі

KZ32LAA00016018

·  Аккредитацияның болуы

НАОКО (2017-2022), SA №0121/2

·  Маман қызметінің тізімі

- ғылыми-педагогикалық лауазымдар (ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының қызметкерлері)

- фармацевтикалық өндірістің технологтары (фармацевтикалық және олармен байланысты кәсіпорындардың қызметкерлері)

- ғылым, білім, өндіріс саласындағы, сондай-ақ басқа да қызмет салаларындағы әкімшілік-басқарушылық лауазымдар;

- сарапшылар (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сарапшы-консультанттар (инженерлік және технологиялық саладағы сарапшылар, консультанттар).

·  Кәсіби қызмет саласы

- фармацевтикалық немесе аралас өндіріс технологиясы

- фармацевтикалық және іргелес салаларды ұйымдастыру және басқару

- педагогикалық іс-әрекет

- білім беру саласындағы басқару және ұйымдастыру (оның ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім);

- ғылыми қызмет;

- ғылыми қызметті ұйымдастыру және басқару

·  Кәсіби қызмет нысаны

Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіптер, фармацевтикалық компаниялар, дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау зертханалары, білім беру және ғылыми ұйымдар