Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Магистратура
Білім беру бағдарламалары
7М05102 – Биолог-зерттеуші

7М05102 – Биолог-зерттеуші

7М05102 биолог-зерттеуші білім беру бағдарламасын іске асыруға тартылған оқытушылар портфолиосы

Білім беру аумағы

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 Биологиялықжәне аралас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

M080 Биология

ББ мақсаты

білімалушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына академиялық және өндірістік зерттеулермен тығыз байланыста өткізуге дайындау, білімалушыларға жасушалық функциялардың негізгі ұғымдарын меңгеру, жасуша тұтастығын сақтау, олардың қоршаған ортаға және осы процестердегі ауытқуларға қажетті жоғары деңгейлі теориялық және тәжірибелік білім беру.

Түлек компетенциясы

Ø  Педагогика, философия және ғылым тарихы, психология, шетел тілін еркін меңгерудің заманауи әдістерін қолдана отырып, биологияның әртүрлі салаларында оқытушылық және ғылыми-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі.

Ø  Кәсіптік қызметте биологиялық ғылымдар негіздерін қолдану мүмкіндігі

Ø  Ғылыми-зерттеу қызметінің кезеңдерін өз бетінше жоспарлау, ғылыми-зерттеу жұмысын жазу кезінде өзіндік зерттеу нәтижелерін пайдалану және ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін педагогикалық практикада қолдану мүмкіндігі

Ø  Зерттеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі генездегі патологиялардың дамуына әр түрлі факторлардың әсер ету механизмдерін, себептерін анықтау мүмкіндігі

Ø  Биологияның әртүрлі бағыттарында теориялық-әдіснамалық білімді жетілдіру, молекулалық және жасушалық биология саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі

ББ түрі (қолданыстағы, жаңа, инновациялық)

қолданыстағы

ҰБШ бойынша деңгей

7

СБШ бойынша деңгей

7

Айрықша ерекшеліктері

Жоқ

Берілетін академиялық дәреже

магистр

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредиттер көлемі

120

Оқыту тілі

Қазақ, орыс тілі

Кадрларды даярлау бағыттарына арналған лицензияға қосымшаның болуы

№ kz32LAA00016018

Аккредиттеудің болуы

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік. Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік. SA № 0121/1 19 маусым 2017ж. Куәліктің қолданылу мерзімі 2017 жылғы 17 маусымға дейін.

Маман лауазымдарының тізбесі

-  диагностикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік мекемелерде зерттеуші және инженер-зерттеуші;

-  табиғат қорғау ұйымдарындағы маман;

-  жоғары, орта кәсіптік және білім беру мекемелерінің оқытушысы;

-  «7М05103 Биомедицина» ББ бойынша базалық дайындықты пайдалануға мүмкіндік беретін өзге де лауазымдар.

Кәсіби қызмет саласы

- ғылыми-зерттеу: ғылыми зерттеулерді жобалау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, түсіндіру және жалпылау;

- қолданбалы зертханалық: зертханалық талдаулар үшін материалдар алу, эксперименттерді білікті жүргізу, эксперименттер мен талдаулар нәтижелері бойынша қорытынды;

- ғылыми-өндірістік қызмет: биологиялық және медициналық өндіріс процестеріне технологиялық бақылауды жүзеге асыру, базалық және арнайы биологиялық дайындықты талап ететін жобалық және өндірістік міндеттерді шешу;

- координациондық: ортақ міндеттерді шешуде аралас ғылыми бөлімшелермен өзінің кәсіби қызметін үйлестіру;

- табиғи ортаның жай-күйін биомониторингі және биологиялық бақылау, оған антропогендік әсер етуді бағалау;

- ұйымдастырушылық-басқару: ұжымның кәсіби қызметін ұйымдастыру, міндеттер қою және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- кеңес беру: кәсіби қызмет саласымен байланысты мәселелерде құзыретті көмек көрсету;

- табиғатты қорғау: биомониторинг және табиғи ортаның жай-күйіне биологиялық бақылауды жүзеге асыру, антропогендік әсерлерді бағалау;

- «6В05101 Биомедицина» ББ бойынша базалық дайындықты пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да қызмет түрлері.

Кәсіби қызмет объектісі

- ғылыми-зерттеу ұйымдары,

- ғылыми-өндірістік мекемелер,

- биологиялық, микробиологиялық және медициналық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар,

- биомедициналық және емдеу мекемелерінің зертханалары, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес жоғары кәсіби білімінің болуын талап ететін басқа да мекемелер.