Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Бакалавриат
Білім беру бағдарламалары
«Биомедицина» білім беру бағдарламасы

Білім саласы

6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасы

6B05101 Биомедицина

БББ мақсаты

Биология, микробиология және биомедицина саласындағы іргелі білім мен тәжірибелік дағдылары бар жаратылыстану бакалавры біліктілігі бар маманның қалыптасуы

Түлектің құзыреттілігі

-қоршаған ортаны инженерлік қорғау, табиғатты тиімді пайдалану және экологиялық мониторинг ережелерін сақтау арқылы адам мен қоршаған орта арасындағы өзара іс-қимылды реттеу қабілеті;

-тірі табиғат процестерін және құбылыстарын түсіндіру үшін биологиялық білімді қолдану, жаратылыстану ғылымдары саласындағы заманауи жетістіктер туралы ақпаратты пайдалану, зертханалық әдістер мен микро-скопия әдістерін қолдану мүмкіндігі

БББ түрі

Жаңа БББ

ҰБШ бойынша деңгей

6

СБШ бойынша деңгей

6

БББ айрықша ерекшеліктері

жоқ

Берілетін академиялық дәреже

бакалавр

Оқыту мерзімі

4жыл

Кредиттердің көлемі

240

Оқыту тілі

орысша,қазақша

Дайындық бағытына лицензиясының нөмірі

№KZ32LAA00016018

БББ аккредиттеуінің бар болуы

Бар

Маман қызметінің тізімі

-бақылау-талдау, генетикалық, биологиялық және микробиологиялық зертханалары бар Фармацевтикалық, медициналық, тамақ және басқа да бағыттардағы медициналық-диагностикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік мекемелердегі маман, зертханашы-зерттеуші және инженер-зерттеуші;

- табиғатты қорғау мекемелеріндегі маман;

- санэпидэкспертиза және экологиялық мониторинг ұйымдары мен зертханаларында маман;

-микробиологиялық, биологиялық, молекулалық-генетикалық, биохимиялық және басқа да бағыттағы ұйымдардың маманы,

- орта, орта кәсіптік және білім беру мекемелері оқушыларының зерттеу жұмысының мамандары мен ғылыми тәлімгерлері

Кәсіби қызмет саласы

- ғылыми-зерттеу: ғылыми зерттеулерді жобалау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, түсіндіру және жалпылау;

- қолданбалы зертханалық: зертханалық талдаулар үшін материалдар алу, эксперименттерді білікті жүргізу, эксперименттер мен талдаулар нәтижелері бойынша қорытынды;

- ғылыми-өндірістік қызмет: биологиялық және медициналық өндіріс процестеріне технологиялық бақылауды жүзеге асыру, базалық және арнайы биологиялық дайындықты талап ететін жобалау және өндірістік міндеттерді шешу;

- үйлестіру: ортақ міндеттерді шешуде өзінің кәсіби қызметін сабақтас ғылыми бөлімшелермен үйлестіру;

- табиғи ортаның жай-күйін биомониторинг және биологиялық бақылау, оған антропогендік әсерді бағалау;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық: ұжымның кәсіби қызметін ұйымдастыру, міндеттер қою және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- консультациялық: мәселелерде құзыретті көмек көрсетуімен байланысты.

Кәсіби қызмет нысаны

- ғылыми-зерттеу ұйымдары;

- ғылыми-өндірістік мекемелер;

- биологиялық, микробиологиялық және медициналық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар, биомедициналық және емдеу мекемелерінің зертханалары, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес жоғары кәсіптік білімнің болуын талап ететін басқа да мекемелер.