Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Бакалавриат
Білім беру бағдарламалары
«Фармация» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасы__6В10103_- фармация

·  Білім беру саласы

6B10 Денсаулық сақтау

·  Даярлау бағыты

6M101 Денсаулық сақтау

·  Білім беру бағдарламасының тобы

B085 Фармация

·  Білім беру бағдарламасы

6B10103фармация

·  Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлау

·  Түлектің құзыреттілігі

·  Фармацевтикалық кәсіпорындар мен ұйымдарда регламенттерді және басқа да нормативтік құжаттаманы ескере отырып, дәрілік заттарды дайындау және өндіру жөніндегі өндірістік функцияларды жүзеге асырады.

·  Дәрілік заттар мен басқа да фармацевтикалық өнімдерді өндіру және тарату бойынша кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ету саласында , сондай-ақ GXP жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес дайын дәрілік түрлердің сапасын бақылау кезінде білім мен дағдыларды қолданады.

·  Көтерме және бөлшек саудада өткізу, тиісті сақтауды, логистиканы, тауартану талдауын, есепке алуды, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдауды жүзеге асыру бойынша фармацевтикалық нарықтың тауар өткізу жүйесінің негізгі буындарында жұмысты ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді.

·  Дәрілік өсімдік шикізатын тиімді пайдалану, оның сапасын бағалау және стандарттау жүргізу принциптерін ескере отырып дайындау дағдысын көрсетеді.

·  Қазіргі заманғы маркетингтік және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, фармацевтикалық тауарлардың әртүрлі топтарына сұраныс пен қажеттілікті зерттейді, фармацевтикалық тауарларды өткізуді ынталандырудың әртүрлі әдістерін қолданады.

·  Дәлелді медицина, фармация және этика мен деонтология принциптерін пайдалып, фармакология және фармакотерапия біліміне негізделе отырып, дәрілік заттарды таңдау және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша дәрігерлерге, фармацевттерге, пациенттерге консультация береді.

·  Шұғыл жағдайларда пациенттерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете алады; салауатты өмір салтын және тіршілік қауіпсіздігін насихаттау бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.

·  Фармацевтикалық ұйым менеджері қызметін, еңбекті ынталандыру әдістерін пайдалана отырып және еңбек заңнамасын сақтай отырып тиімді кадрлық саясатты жүзеге асыру білімі мен дағдыларын іске асырады; әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады

·  Халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жаңа дәрілік заттарды, оның  ішінде өсімдік және жануарлар шикізаты, гомеопатиялық, ветеринарлық, косметологиялық негіздегі биопрепараттарды фармацевтикалық әзірлеуге және сынауға қатысу дағдыларын көрсетеді

·  Фармацевтикалық қызметті басқару жүйесінде тіркеу, лицензиялау, сертификаттау, инспекциялар бойынша жұмыс дағдыларын көрсетеді.

·  ҚР бекітілген МФ және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес зерттеудің қазіргі заманғы химиялық, физикалық-химиялық әдістерін қолдана отырып дәрілік заттарды талдауды жүзеге асыру дағдыларын меңгерген.

·  Улы және күшті әсер ететін заттармен қатты улануды диагностикалау мақсатында химиялық-токсикологиялық зерттеу жүргізу дағдыларын меңгерген.

·  ББ түрі

Қазіргі ББ;

·  БҰЖ деңгейі

6

·  БСЖ деңгейі

6

·  Айрықша ерекшеліктері

Жоқ

·  Академиялық ұсынылған дәрежесі

«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры

·  Оқу мерзімі

5 жыл

·  Кредит көлемі

300

·  Оқыту тілі

Орыс тілі; Қазақ тілі

·  Мамандарды дайындау бағыттары бойынша лицензия қосымшасының жетімділігі

KZ32LAA00016018

·  Аккредитацияның қол жетімділігі

НААР (2019-2024), №АВ 2586

·  Маман қызметінің тізімі

фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы,(провизор- ұйымдастырушы), менеджер, инспектор, ақпараттаушы, маркетолог / тауар сарапшысы,  фармацевт-технолог (провизор-технолог), фармацевт-ақпараттаушы (провизор- ақпараттаушы) , химик-токсиколог

·  Кәсіби қызмет саласы

  Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармацияның басқарылуы мен экономикасы; дәрілік заттар технологиясы; дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау; аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптама; клиникалық фармация; фармациядағы сапа менеджменті).

·  Кәсіби қызмет нысаны

Фармацевтикалық ұйымдар және дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу, дайындау, өндіру кәсіпорындары; басқару және фармацевтикалық қадағалау органдары; медициналық ұйымдар; дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау органдары; дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі зертханалар; сот медицинасы орталығының химиялық-токсикологиялық бөлімшелерінің зертханалары; жедел медициналық көмек ауруханаларының ішіндегі токсикологиялық орталықтар: фармацевтикалық ақпарат органдары; білім беру ұйымдары; ғылым ұйымдары; әлеуметтік қорғау ұйымдары.