Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студенттік кампус
Жастар бірлестіктері

«Next Generation» және StudMed volunteers» еріктіліер ұйымы

«Next Generation» еріктілер ұйымы - бұл салауатты өмір салтын насихаттау, зерттеу, сондай-ақ университет білім алушылары үшін гуманизм мен патриотизмнің үлгісі негізінде  әлеуметтік белсенді білім алушылардың ерікті бірлестігі. «Next Generation» қызметінің негізгі бағыттары тұрақты дамудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қалыптастырылады:

-  БАҚ арқылы студенттік ортада ерікті қызметті насихаттау;

- Жастар бірлестіктерімен ынтымақтастықта әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізуге қатысу;

-  Еріктілер қозғалысының қызметін жүзеге асыруға мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық және коммерциялық ұйымдармен өзара іс-әрекеттер жасау;

-  Әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әлеуметтік орталықтармен және қызметтермен ынтымақтастық;

-  Білім алушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

-  Қызмет бағыттарына қатысты университет іс-шаралары мен жатақханаларға қатысу және ұйымдастыру;

-  Студенттерді волонтерлік қызметке тарту.

Мақсаттар:

- студенттерді Дүниежүзілік еріктілер қозғалысына тарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу, сондай-ақ университетте еріктілер қозғалысын жандандыру және дамыту;

- жаңа білім мен кәсіби дағдыларды игеру;

- мейірімділік, жанашырлық, қоғамға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, науқастарға, жалғыздарға тегін қызмет етуге дайын болу сияқты жеке қасиеттерді дамыту;

- білім алушылардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Тапсырмалар:

-  түрлі бағыттар бойынша волонтерлердің жұмысын ұйымдастыру;

-  жастар ортасында еріктілік идеялары мен құндылықтарын насихаттау;

- жастарды әлеуметтік маңызды қызметке тарту: білім алушылардың, жергілікті қоғамдастықтың, қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге ерікті және өтеусіз қатысу;

- ерікті қызмет саласында студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, еріктілік әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және іске асыру, еріктілік қызметтің озық тәжірибесін насихаттау;

- университет студенттерінің қалалық, облыстық ерікті акциялар мен жобаларға қатысуын ұйымдастыру;

- бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және еріктілік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да ерікті ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;

- адам денсаулығын сақтауға қатысты бағдарламаларды іске асыруға қатысу, АИТВ инфекциясының, туберкулездің, басқа да әлеуметтік қауіпті аурулардың және өзін-өзі бұзатын мінез-құлық түрлерінің (темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық) алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу.

 Next Generation еріктілер ұйымының ережесі

StudMed volunteers еріктілер ұйымының ережесі

«Жұлдыз» жастар денсаулық орталығы

«Жұлдыз» жастар денсаулық орталығы - бұл әлеуметтік белсенді білім алушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, зерттеу, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында ерікті бірлестігі: темекі шегу, алкоголь, есірткі, психотроптық заттарды қолдану. Тұрақты даму бағыты бойынша ол өз кезегінде «Кез келген жастағы барлық адамдардың  салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге  жәрдемдесу»

Орталық жұмысының мақсаты:

- Студенттердің салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.

- Әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуын алдын-алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Орталықтың негізгі бағыттары:

- Университет, мектеп оқушыларына және қала тұрғындарына салауатты өмір салты мәселелері бойынша білім беру.

- Салауатты өмір салты факторларын талқылау және өз өміріне енгізу арқылы қалыптастыру және насихаттау.

- Алкогольге, темекі шегуге, есірткіге және басқа да қауіпті факторларға  теріс көзқарасты қалыптастыру.

- Волонтерлік қызмет.

- Тақырыптық акцияларды ұйымдастыру және өткізу.

Жұлдыз жастар орталығының ережесі

Студенттік ғылыми қоғам

Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) – студенттік ғылымды дамытуға бағытталған студенттердің қоғамдық ұйымы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және университеттің студенттік ғылыми үйірмелерінде тұратын білім алушылар СҒҚ мүшелері болып табылады.

Жұмыстың мақсаты:

Тұрақты дамудың мақсаттары мен міндеттері саласын қоса алғанда, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жәрдемдесу және білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметі үшін мүмкіндіктер жасау.

 Мақсатқа жету үшін міндеттер :

-  ғылыми, оқу материалдарын тереңдетіп оқуға, өз білімдерін жетілдіруге, болашақ маманның ғылыми ой-өрісі мен эрудициясын кеңейтуге, практикалық дағдыларды бекіте отырып көмек көрсету;

- студенттерді АИТВ/ЖИТС-пен алдын алу және оған қарсы күрес ретінде жаһандық проблема бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына тікелей қатысуға тарту;

- салауатты өмір салтын қамтамасыз ету бағыты бойынша жобаларды ілгерілету және орнықты даму мақсаттары саласындағы кез келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа жәрдемдесу үшін қатысушыларды шақыру;

- студенттік ғылыми конференцияларды, студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарын, олимпиадаларды, дөңгелек үстел отырыстарын, шеберлік сыныптарын, пікірталастарды, вебинарларды, жәрмеңкелерді және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

- университет және басқа ЖОО-ның базасында өткізілетін конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және басқа да іс-шаралар туралы білім алушыларды хабардар ету;

-  студенттердің ғылыми жұмыстарын жариялауға жәрдемдесу;

- ЖОО ішіндегі «Медик» газетінде және ЖОО-ның әлеуметтік желілерінде СҒҚ қызметінің нәтижелерін жариялау.

Студенттік ғылыми қоғамының ережесі

«Insight» және «Намыс» пікірталас клубтары.

«KMU-Life» жас журналисттер клубы.

Жастар бірлестіктері мүшелерінің тізімі