Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі

Клиникалық бөлім 1982 ж. құрылды.

Бөлім қызметінің мақсаты жоғары білікті мамандарды клиникалық дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыру және тұрғындарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Әр уақытта бөлімді келесі адамдар басқарды:

c95b42f26294db13bcdd99cee404d563

b7ef56a85360b4ad5152900741383978

4d7939c6d20368e43b2d3c688053972b

03e81491392ac012312c3db3ecd1bf86

Қазіргі уақытта клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы   м.ғ.к., доцент, жалпы практика дәрігері және жоғары біліктілік санаттағы денсаулық сақтауды ұйымдастырушы Бауыржан Кәденұлы Омарқұлов болып табылады.

66819cd15921f8d015f968731ad1fe29

2012 жылдан бастапклиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімін клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахыт Нұрғалиқызы Көшерова басқарды.

Б.Н. Көшерова Ғылым және білім министрлігінің құрмет грамотасымен және «ҚР білім берудің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің негізгі бағыттары:

·  профессор-оқытушылар құрамы клиникалық жұмыстың орындалуын бақылау;

·  кәсіби практиканың өтуін ұйымдастыру және бақылау;

·  университет түлектерін жұмысқа орналастыру;

·  меншіктегі клиникалар қызметін бақылау: ҚММУ емханасыжәне стоматологиялық клиникасы;

·  кеңесу органдары - клиникалық кеңес және жұмыс берушілер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.

Клиникалық кафедраларда жұмыс істейтін ЖОО қызметкерлерінің клиникалықістеріЖОО қызметінің маңызды бір бөлігі болып табылады және денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық бағытына бағдарланған. Практикалық денсаулық сақтаумен тиімді әрекет етуді қамтамасыз ету және ЖОО клиникалары мен клиникалық кафедраларның қызметкерлерімен халыққа сапалы емдік-консультативтік, диагностикалық және профилактикалық көмек көрсету, сонымен қатар, кәсіби білікті маман дайындауды қамтамасыз ететін білім беру ортасын қалыптастыруға қатысу.

Клиникалық кафедралар қызметкерлері:

·  түлектерді кәсіби сапалы дайындаумен қамтамасыз етуге;

·  ЖОО клиникалық курстар мен кафедраларында емдік- диагностикалықүрдісті іске асыруға;

·  облыс тұрғындарына емдік-диагностикалық, медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз етуге;

·  практикалық денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулер нәтижесін енгізуге;

·  университеттің меншік клиникалық базалары - стоматологиялық клиникасы, ҚММУ емханасыжәнеуниверситет қызметкерлері, студенттер мен оқушылар денсаулық жағдайын байқау қызметін іске асыруға қатысады.

Университетте клиникалықдайындық жүйесіұстаз жетекшілігімен науқастармен жұмысқа және шынайы жағадайда емдеу мен диагностика үрдісіне оқушылардың тікелей қатысуына негізделеді. Бөліммен академиялықкүнтізбеге сәйкес практиканың барлық түрін өту қамтамасыз етіледі. Сондықтан, әр студентке науқаспен байланысу кепілдігі бар.Бұған университетректоры мен денсаулық сақтау басқармалары бастықтары арасында жасалған меморандум, сонымен қатар,медициналық ұйымдармен практика өтуге жасалған 350 шарт мүмкіндік береді. Оқудың ерте клиникалық бағытталуы болашақ мамандығы бойынша білім беру кеңістігінде анықталуға көмек береді.

Оқудың басты міндеті практикалық дағдылар мен оны істей білу, клиникалықойлауды дамыту, сонымен қатар, дәрігер ретінде өзіндігімен жұмыс істеу үшін қажетті дәрігер тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Түлектерді жұмысқа орналастырудың негізгі бағыттары: мамандарды мақсатты дайындау, ЖОО түлектерінің маман ретінде талап етілуін талдау, жас мамандарды бөлуді ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі.

Бөліммен университет түлектері - жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлы жұмысы іске асырылады. Университет сайтына салынатын «Жалпы медицина»мамандығы және бакалавриат шеңберінде түлектер туралы ақпараттар базасы құрылады. Денсаулық сақтау басқармаларына, облыс және қаладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінемедициналық кардға деген қажеттілік туралы сұранымдар жіберіледі.  Алынған ақпараттардың негізінде аймақ бойынша бос орындар банкісі жасалады, сайтқа салынады.

Университет түлектері денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық кадрға деген қажеттілікті бағалай алады, ал жұмыс берушілер – ағымдағы оқу жылының түлектері туралы алдын ала ақпарат алады. Барлық ақпаратты біле отырып, жұмыс беруші оқу уақытын ескеріп, интернатура, резидентура бағыты бойынша маман дайындауға өтінім бере алады.

Университет жыл сайын «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізеді, оның мақсаты – түлектер мен жұмыс берушілер арасында өзара байланыс орнату, 3-жақты шарт жасасу. ҚММУ бос орындар жәрмеңкесінде облыс және қаланың денсаулық сақтау басқармалары, облыс және аудан әкімдігі, медициналық ұйымдар және бизнес-құрылымдар өкілдері қатысады.Жұмыс берушілер түлектерге бос орындар, әлеуметтік пакет, өмір сүру талаптары туралы мәлімдейді.

Жұмыс берушілермен өзара байланыс жыл бойы орнайды. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша түлектермен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттүлекке оны қызықтырған медициналық ұйымды табуға көмектеседі, студенттің заңды кеңес алуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде –интернатураны бастамас бұрынтүлек бос орындар жәрмеңкесіндешарт жасасадыжәнежұмысқа орналасып, сонымен қатар өз оқуын қаржылай қамтасыз ету кепілдігін алады. Шарт жасасқан соң, студенттер демалыс кезінде болашақ жұмыс орнына барып, жұмысқа тұратын жерінің жағдайымен танысады.

Атқарылған жұмыстың соңғы бөлімінде арнайы комиссия отырысында түлектерді дербес бөлу болып табылады. Әр түлекпен денсаулық сақтау министірлігі, әкімдіктер, денсаулық сақтау басқармалары, медициналық ұйымдар өкілі әңгімелеседі. Жас маманға жұмысқа жолдама беріледі. Осымен жұмыс шектелмейді –университетпен 3 жыл бойы түлектің жұмысқа орналасу мониторингіжасалады.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің кеңесу органы Клиникалық кеңесі, төрағасымедицинағылымдарыныңдокторы, профессор К.Ж. Мұсылманбеков және ҚММУ жұмыс берушілер кеңесі болып табылады, төрағасы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыру жұмысы және ана мен баланы қорғау жөніндегі басшы орынбасары, медицинағылымдарының кандидаты Г.К. Мамалинова.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі:

КЖ ж ТЖОБ бастығы – м.ғ.к., доцент Омарқұлов Бауыржан Кәденұлы

e-mail: Omarkulov@qmu.kz

Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40,  №104 кабинет

Жұмыс уақыты:  09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Байланыс телефоны: +7 (7212) 50-39-30  (ішкі: 1280)

Факс: + 7 (7212) 51-89-31


Бастық орынбасары  – Сергекбаева Жұлдыз Қайырқызы

e-mail:Zhulduz_Nugmanova@qmu.kz

Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40,  №101 кабинет

Жұмыс уақыты:  09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Байланыс телефоны: +7 (7212) 50-39-30  (ішкі: 1280)

Факс: + 7 (7212) 51-89-31


Клиникалық жұмыс бойынша маман – Айтжанова Резеда Мансуровна

e-mail:aitzhanova@qmu.kz

Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40,  №205 кабинет

Жұмыс уақыты:  09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Байланыс телефоны: +7 (7212) 50-39-30  (ішкі: 1502)

Факс: + 7 (7212) 51-89-31


Кәсіби практика бойынша маман – Касимова Алия Амырбековна

e-mail: Kasimova.A@qmu.kz

Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40,  №101 кабинет

Жұмыс уақыты:  09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Байланыс телефоны: + 7 (7212) 50-39-30  (ішкі: 1306)

Факс: + 7 (7212) 51-89-31


Жұмысқа орналастыру бойынша маман – Махметова Айжан Төкенқызы

Mahmetova.A@qmu.kz

Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40,  №101 кабинет

Жұмыс уақыты:  09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Байланыстелефоны: + 7 (7212) 50-39-30  (ішкі: 1656)

Факс: + 7 (7212) 51-89-31