Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ақжүніс» клубының психологпен кездесуі

«Ақжүніс» клубының психологпен кездесуі

13 Қаңтар 2015

26.12.14 ж. күні «Ақжүніс» қыздар клубының психологпен кездесуі өтті. Психолог Марченко Ксения Сергеевна қыздармен қызықты әңгіме жүргізіп, бірнеше психологиялық тесттер өткізді. Адам мінез-құлқының терең сырларын, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жүргізу құпияларын, өзіңді және өзіңді қоршаған адамдардың жанын түсінудің әдіс-тәсілдері жөнінде өрбіген бұл кездесуден Ақжүністік қыздардың алған пайдасы мол болды.  Психолог жүргізген қызықты, өзін-өзі тануға  көмек беретін  психологиялық тесттер қыздардың ойларымен сай келіп, белсенді түрде жазылды.

Кездесу соңында Ксения Сергеевна бірнеше психологиялық ақыл кеңестерін айтып берді. Әлбетте бұл кеңестердің барлығы дерлік пайдаға жарарына күмән жоқ. Сонымен қатар отырыс соңында қызықты бейнебаян көрсетіліп, әсерлі әңгімеден соң әдемі әзілмен жасалған психологиялық бейнеролик тамашаланды. Бір сөзбен айтқанда, бұл кездесудің қыздарға тигізген пайдасы мол әрі қызықты, әрі керекті, әрі әдемі отырыс болып өтті.


0
18328

пікірлер

пікір қалдыру үшін.