Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЕВРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ

ЕВРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ

05 Маусым 2014

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде жоғары оқу орны қоғамдық бірлестіктері бастамасы бойынша ЕАЭО құру туралы түсіндіру жұмыстары жоспары шеңберінде дөңгелек стол отырысы өтті

Дөңгелек столға қатысушылар магистранттар, докторанттар, PhDдокторанттары болды. Өзінің кіріспе сөзінде ҚММУ оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры  Вилен Борисович Молотов-Лучанский дөңгелек столдың мақсаты жоғары оқу орнының «ерекше тобы» өкілдері арасындағы ашық пікір алмасу екенін айтты. Олар күні ертең ЕАЭО елдерінің практикалық және ғылыми медицинасының болашақ тұлғаларына айналатын болады. Вилен Борисович Молотов-Лучанский  ЕАЭО құру туралы шартқа қол қоюдың тарихи маңызы зор оқиға екенін атап айтты. 170 миллион адамдарды біріктіретін нарық қана құрылған жоқ, ЕАЭО елдерінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жол ашатын құрылым пайда болды. Бұл әлемдегі адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді. ЕАЭО құру әр елдің азаматтарының талаптарына да жауап береді.


Қазақстан тарихы мен әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Құдайберген Абайұлы Темірғалиев болашақ ЕАЭО тақырыбын жалғастырды. Ол тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл шарттың бірінші кезекте жастарға арналғанын атап көрсеткені туралы айтты.

Еркін пікір алмасулар барысында магистранттар, докторанттар ЕАЭОжол ашатын мүмкіндіктерге баса назар аударды. Олар ЕАЭО Одақ елдерінің шеңберінде еркін жүру мүмкіндігімен қатар осы елдерді экономикалық қолдауды қамтамасыз ететінін атап айтты. Дөңгелек столға қатысушылар ЕАЭО оған қатысушы елдердің қазіргі уақыттағы даму кезеңінде оңтайлы жол болып табылатынын атап көрсетті. Оның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Одаққазіргі заманғы әлемдік экономикалық қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік береді.


Талқылауға қатысушылар атап көрсеткендей, біздің елдеріміздің арасында ортақ жағдайлар көп, сондықтан да Одақ рухани, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жағдай жасайды. Жас ғалымдардың академиялық ұтқырлығы шегінде мұндай Одақтың пайдасы баршылық. Өз сөздерінде докторанттар атап көрсеткендей, әркім өз орнында өз жұмысын: емдеуді, оқытуды, ғылымды дамытуды сапалы және кәсіби тұрғыда атқаруы керек. Бұл Одақты дамытуға қосылған лайықты үлес болып табылады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқытудың бірінші жылының докторанты Серік Бахтияр айтқандай,  университеттің белсенді жастары осы тарихи маңызы зор оқиғадан тысқары қала алмады. Біртұтас еңбек нарығы, академиялық ұтқырлық – осының барлығы бізге жас мамандар мен ғалымдар ретінде тартымды. Сөз жоқ, экономикалық саладағы әріптестік экономикалық және ғылыми салалардағы дамуға да ықпал ететін болады. Біз, бүгінгі магистранттар мен докторанттар, Экономикалық Одақтың даму бағыттарын тәжірибе жүзінде белгілейтін боламыз.

Дөңгелек стол шеңберінде орын алуы мүмкін «ақылдылардан айырылу», дәрілер бағасының қымбаттауы сияқты проблемалық мәселелер де талқыланды. Бұл ретте қатерлерден өтудің мүмкін жолдары атап көрсетілді.


Вилен Борисович Молотов-Лучанский талқылаудың қорытындысын шығарды. Биылғы жылғы 29 мамырда қол қойылған  ЕАЭО құру туралы шарт – тарихи құжат, ол күні ертең Одақ пен өз елдерінің тұлғалары болатын бүгінгі жас ғалымдардың алдынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.


0
20097

пікірлер

пікір қалдыру үшін.