Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұрақты даму мақсаттары бойынша үздіктер қатарында

Тұрақты даму мақсаттары бойынша үздіктер қатарында

13 Маусым 2024

Тұрақты даму мақсаттары бойынша үздіктер қатарында.

Times Higher Education University Impact Rankings-2024рейтингініңқорытындысыжарияланды. Қарағанды медицина университеті― ҚР медициналық жоғары оқу орындары арасында 1 орында, барлық қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 3 орында және әлемнің жоғары оқу орындары арасында 800-1000 орында.

«Биыл біздің университетіміз тұрақты даму мақсаттары бойынша осы рейтингке алғаш рет кірді және бірінші рет бұл өте жақсы нәтиже деп есептейміз. Білім беру сапасының критерийі бойынша бізді Қазақстанда үшінші орында тұрғанымыз қуантады. Алға қойылған мақсаттар көп және келесі жылы біз бұдан да биік белестерді бағындырамыз деген сенімдемін» - деп атап өтті «ҚМУ» КеАҚ стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Виктор Риклефс. 

Times Higher Education (THE) Impact Ranking ― бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес университеттерді бағалайтын әлемдегі жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингі.

Times Higher Education University impact Rankings рейтингінің әдістемесі зерттеулерді, бағдарламалардың әлеуметтік бағдарлануын, ресурстарды басқаруды, университеттің білімге қосқан үлесін талдауға негізделген.

Ағымдағы жылы Times Higher Education University Impact Rankings рейтингінде 125 елден 2152 университет рекордтық көрсеткішке ие болды. 


0
2761

пікірлер

пікір қалдыру үшін.