Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қажырлы еңбек лайықты бағаланды

Қажырлы еңбек лайықты бағаланды

31 Наурыз 2015

  2015-жылдың 4-наурызында Қазақ ұлттық өнер университетінде Білім және ғылым министрінің қатысуымен 2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өткізілді.

  Марапаттанушылардың ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Әскери кафедрасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбаевич та болды.

  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов тиісті куәлік пен медальді тапсыру кезінде, иегерлер арасында ҚР Қарулы Күштерінің офицерін алғаш рет кездестіргенін разылықпен айта отырып, әскери қызметте, педагогикалық және ғылыми жетістікте әрі қарай биік шыңдарға көтерілуін шын жүректен тілейтінін айтты.

  Ағымдағы жылдың 26-наурызында ҚММУ Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы кезекті Ғылыми кеңес отырысында Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбаевичті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2014» атағымен құттықтады.

  ҚММУ барша ұжымы әріптесін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2014» атағымен шын ниетпен құттықтай отырып, жемісті еңбек, сондай-ақ өз халқына және Қазақстан мемлекетіне адал қызмет етуіне тілектестігін білдіреді.

 

ҚММУ әскери кафедрасының

жоғары санатты зертханашысы

  Б.М. Қуаныш


0
17952

пікірлер

пікір қалдыру үшін.