Жаңалықтар
ТМД-ның үздік студенті 2025-2026
17 December 2025
2025 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ТМД-ның үздік студенті 2025-2026» халықаралық конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Аталған конкурсқа ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден студенттер қатысты: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Үндістан.«ТМД-ның үздік студенті» құрметті атағы мен I дәрежелі дипломымен «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 2-курс резиденті Саликов Тобылжан Ғалымұлы марапатталды.
2025 жылдағы резиденттің жетістіктерін ерекше атап өткіміз келеді:
Жоғары академиялық үлгерім көрсеткішімен білім алуда - GPA 3,67.
2025 жылы Шымкент қаласында өткен резиденттер мен жас ғалымдардың Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы «Педиатрияның заманауи мәселелері» атты конференциясының жеңімпазы (I дәрежелі диплом).
Қарағанды қаласында өткен «Төтенше жағдайлар аумағы» атты университетішілік конкурстың жүлдегері: 2025 жылғы сәуір айында - III орын; 2025 жылғы қараша айында - I орын.
2025 жылы білім беру сапасын халықаралық деңгейде бағалау мақсатында Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінде (Ресей Федерациясы) өткізілген аккредитациялық рәсімге қатысу үшін IAAR (Independent Agency for Accreditation and Rating) сыртқы сараптамалық комиссиясының құрамына шақырылды; IAAR III деңгейлі сарапшы сертификаты берілді.
2025 жылы РИНЦ дерекқорында 4 ғылыми мақала және халықаралық ғылыми конференциялардың электронды ғылыми басылымдарында 4 мақала жарияланды.
2025-2027 және 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау және іске асыру жұмыстарына қатысты.
2025 жылы АҚШ-тың Балтимор қаласындағы Johns Hopkins University базасында денсаулық сақтау менеджменті бойынша онлайн сертификаттық курстан өтіп, халықаралық сертификатқа ие болды.
Алматы қаласында өткен халықаралық қатысумен ұйымдастырылған «Жас ғалымдар мектебі Жас зерттеуші» ғылыми-практикалық конференциясында «Үздік мақала» номинациясының жеңімпазы атанды (2025).
«Young Pediatric Researcher 2025» атты педиатриялық бейіндегі студенттер, интерндер және резиденттерге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Best Debut» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Резиденттің ғылыми-зерттеу жұмыстары медицина ғылымдарының докторы, педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі профессор Тукбекова Бибигуль Төлеубаевна мен медицина ғылымдарының кандидаты, «Педиатрия» білім беру бағдарламасының жетекшісі профессор Ерёмичева Галина Георгиевнаның ғылыми жетекшілігімен орындалды.
Бұл жетістік - табандылықтың, жоғары кәсіби шеберліктің және медицина саласына деген адалдықтың нәтижесі. Алдағы уақытта жаңа ғылыми жаңалықтар, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз.
Құттықтаймыз және мақтан тұтамыз.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026
Жарияланды:
21.03.2026
Жарияланды:
20.03.2026
Жарияланды:
18.03.2026
Жарияланды:
17.03.2026
Жарияланды:
17.03.2026
Жарияланды:
13.03.2026
Жарияланды:
13.03.2026
Жарияланды:
13.03.2026
Жарияланды:
13.03.2026
Жарияланды:
12.03.2026
Жарияланды:
08.03.2026
Жарияланды:
06.03.2026
Жарияланды:
04.03.2026
Жарияланды:
04.03.2026